AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда қаланың жарық жүйесі жаңғыртылып жатыр

Алматыда қаланың жарық жүйесі жаңғыртылып жатыр

Барлығы 31.07.2025, 22:13 711 Сұлу
Алматыда қаланың жарық жүйесі жаңғыртылып жатыр
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды кешкі уақытта шаһардың негізгі көшелері мен нысандарын аралап, сыртқы және сәулеттік жарықтандыруды жаңғырту жобаларының жүзеге асырылу барысын көріп қайтты. Сапар кезінде ол ШААЖ бойындағы көше шамдарының желісін және Абылай хан даңғылы №2 бойындағы ғимараттың қасбетін тексерді.

Әкім мұндай жобаларды жүзеге асырғанда техникалық талаптарды ғана емес, қаланың келбетіне көрік беретін сәндік шешімдерді де назардан тыс қалдырмау керектігін айтты.

«Бізге жай ғана сұрғылт мырышталған бағандар жеткіліксіз. Қаланың өзіндік сәулеттік қолтаңбасын айшықтайтын, көз тартарлық тіректер керек», — деді Дархан Сатыбалды. 

Шаһар басшысының айтуынша, Алматыда жаңашыл идеялар мен тың жобалық шешімдер аз емес. Дегенмен олардың ойдағыдай жүзеге асуы үшін сапаға баса мән беріліп, жұмыс кестесі қатаң сақталуға тиіс. Осы мақсатта жобалардың орындалуы мен нәтижесі қатаң бақылауда болады.

Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, ШААЖ бойындағы ескірген 224 шам заманауи, қуаты 200 Ватт болатын жаңа шамдарға ауыстырылды. Олар жарық күшін реттеу және қашықтан басқару функцияларымен жабдықталған. Бұл электр қуатын үнемдеп, техникалық жағдайды жылдам қадағалауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бүгінде қаланың жарықтандырылу деңгейі 88 пайызға жетіп отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш толық 100 пайызға жеткізілмек.

Көше шамдарынан бөлек, қаланың әр ауданында сәулеттік жарықтандыру жобалары да қолға алынған. Мектептердің, әлеуметтік және спорттық нысандардың қасбеті, сондай-ақ негізгі көшелер бойындағы ғимараттар сәндік жарықпен көмкерілмек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жарық #Түнгі жарық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);