AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда қаланы абаттандыру мен көгалдандырудың жү...

Алматыда қаланы абаттандыру мен көгалдандырудың жүйелі тәсілі енгізіліп жатыр

Барлығы 28.08.2025, 17:11 449 Сұлу
Алматыда қаланы абаттандыру мен көгалдандырудың жүйелі тәсілі енгізіліп жатыр
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Урбанистика орталығының ұжымымен абаттандыруға және жайлы қалалық кеңістіктер құруға жүйелі тәсілдерді әзірлеу және енгізу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Урбанистика орталығы ағымдағы жылдың шілде айында Алматы Даму орталығының базасында сәулет, ландшафтық дизайн және көгалдандыру саласындағы сарапшыларды біріктіре отырып құрылған болатын.

Кеңес барысында Урбанистика орталығының өкілдері қалалық ортаны жаңғыртуға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар мен негізгі жобалар туралы айтып берді.

Орталықтың негізгі міндеттері-қаланың сыртқы келбетін жақсарту үшін  бірыңғай стильді қалыптастыру, жайлы қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру  бойынша жобаларды әзірлеу және көгалдандыруға озық тәсілдерді енгізу.

Бүгінгі таңда Урбанистика орталығы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғаудың қолданыстағы ережелерін күшейтуге арналған көгалдандыру Жарғысын әзірлеуде. Құжат отырғызатын материалдарды стандарттауды, оның ассортиментін және күтіп-баптау сапасын, ағаш биіктігіне, тамырдың диаметріне және күтім стандарттарына қойылатын талаптарды арттыруды көздейді.

Бұдан өзге, көшелер мен рекреациялық аймақтарды жобалау жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ материалдардың сапасына қойылатын бірыңғай талаптарды қамтитын абаттандыру қағидаларының жинағын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қала басшысы Дархан Сатыбалды жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде жүйелі тәсіл мен сапаны бақылау басымдық болып табылатынын атап өтті.

«Басқармалар мен аудан әкімдіктері жобаларды іске асыру кезінде баттандыру мен көгалдандырудың бірыңғай ережелерін қатаң сақтауы тиіс. Урбанистика орталығы авторлық мониторинг функцияларын орындайды және Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасымен бірлесіп абаттандыру тұжырымдамаларын әзірлеуге қатысады», - деді Дархан Сатыбалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкімдік #урбанистика #абаттандыру #Көше
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);