Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қалалық бюджет қайта қаралды

Алматыда қалалық бюджет қайта қаралды

Әлеумет 27.01.2022, 11:17 1,286
Алматыда қалалық бюджет қайта қаралды
Сурет: Eltourism.kz

Қала бюджетін нақтылау жобасы әзірленіп жатыр.


Алматыда бизнес пен азаматтарға көмек көрсету үшін қалалық бюджет қайта қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясы өтті. Қаланың әкімшілік және күштік құрылымдарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мәселелерін жедел шешу үшін, сонымен қатар, кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу және бизнес секторын ынталандыру мақсатында мәслихат әкімдіктің бастамасы бойынша Алматы қаласы бюджетіне нақтылау жүргізді.


Жалпы жергілікті бюджетті нақтылау 2021 жылғы бюджеттің кіріс бөлігін 30 млрд теңге сомасына асыра орындау есебінен жүргізіледі.


Бөлініп отырған қаржы мемлекет басшысының қаланы тезірек қалпына келтіру, халық пен бизнес нысандарына көмек көрсету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында мынандай шығыстарға бағытталады:


- Тәртіпсіздік барысында зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу - 5 млрд теңге;


- ШОБ субъектілері үшін коммуналдық шығыстарды төлеу бойынша шығындарды субсидиялауға (3 ай мерзімге) – 1,5 млрд теңге;


- Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландыру аясында қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналастыру үшін 6 мың адамға 3,3 млрд теңге қаражат қарастыру жоспарлануда;


- Шағын және орта бизнес субъектілерін жеңілдікпен несиелеу тетігін енгізуге 6,3 млрд теңге бөлінді;


- Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің материалдық-техникалық жабдықталуын нығайтуға. Бұл мақсаттарға 2,2 млрд теңге бөлу жоспарлануда.


Сонымен қатар, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және қалпына келтіру үшін әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды қаржыландыруға өзге де шығыстар көзделген.



«Қазіргі уақытта қала бюджетін нақтылау жобасы әзірленуде, онда мегаполистің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мен қалпына келтіруге қатысты басқа да мәселелер қаралатын болады» - деді мәслихат хатшысы Станислав Канкуров.



Сондай-ақ, мәслихат сессиясында «Ақ жол» партиясының қалалық тізімінен ротация бойынша және жеке арызы негізінде Юрий Шиннің өкілеттігі тоқтатылды.


Оның орнына аумақтық сайлау комиссиясының және «Ақ жол» партиясы филиалы кеңесінің қаулысымен «Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ директоры және белгілі заңгер Ербол Омархановтың кандидатурасы бекітілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бюджет #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңа демалыс күні пайда болуы мүмкін

Бүгін 13:56

Алматыда бүйрек үсті безінің цистаденомасы бар пациентке сәтті операция жасалды

Бүгін 12:43

Әлемнің ең биік жеті шыңын бағындырған тұңғыш қазақ қызымен сұхбат

Бүгін 12:27

Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті - видео

Бүгін 12:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Бүгін 12:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі