Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматыда қалалық бюджет есебінен халықтың әлеуметт...

Алматыда қалалық бюджет есебінен халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасылары газға қосылады

Өмір-өзен 20.01.2022, 11:05 2,112
Алматыда қалалық бюджет есебінен халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасылары газға қосылады
Сурет: Кazlenta.kz

Алматы активінде Президеттің зардап шеккен бизнесті қалпына келтіру және мегаполисті одан әрі дамыту туралы тапсырмаларын орындау бойынша сөйлеген сөзінде қала әкімі Б. Сағынтаев инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру туралы айтып берді


Алматы әкімі «Жаңа Алматы» шет аймақтарын дамытудың Кешенді жоспары аясында 64 іс-шара немесе 428 жоба іске асырылып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


2 жыл ішінде 178 жоба іске асырылды, 177 жоба іске асырылу сатысында, 73 жоба келесі жылдары көзделген. Жоспар бойынша жыл сайынғы қаржыландыру шамамен 200 млрд теңгені құрайды.



«Бүгін Үкіметпен жоспар жобалары бойынша қаржыландыруды ұлықтау мәселесін талқылаймыз», - деді Б. Сағынтаев.



2 жыл ішінде Алматыда 620 шақырым сумен жабдықтау және кәріз желілері салынды. 16 тұрғын үй алабы (Медеу ауданының "Думан" шағынауданы, Түрксіб ауданының "Шығыс таңы", "Қайрат", "Колхозшы" шағынаудандары, Наурызбай ауданының "Құрамыс", "Тастыбұлақ" шағынаудандары) сумен және кәрізбен қамтамасыз етілді. Бюджет және МЖӘ есебінен жаңғыртылған 42 мектеп спорт алаңына қосымша тағы 30 спорт алаңы салынады, сөйтіп, олардың жалпы саны 72-ге жеткізіледі.


Биыл 18 нысанның, оның ішінде "Шаңырақ-1", "Қарасу", "Ақжар", "Шұғыла", "Жас Қанат" шағынаудандарында сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылысы аяқталады.


"Қарғалы", "Қарағайлы", "Құрамыс", "Тау самалы" шағынаудандарында 50 мың халықты сумен қамтамасыз ететін Қарғалы өзенінде су тарту құрылысы аяқталады және Ақсай өзені мен "Ерменсай" шағынауданында тағы екі су тарту құрылысы басталады. Олар "Ақжар", "Ақтөбе", "Ерменсай", "Нұрлытау", "Ремизовка", "Тау жолы", "Тастыбұлақ", "Шұғыла" шағынаудандарында және Алматы облысының Қырғауылды кентінде 100 мың халықты қамтиды.


Алматы әкімінің айтуынша, 2021 жылы 424 шақырымнан астам электр желілері қайта жаңғыртылып, бұрын жарықтандырылмаған 2024 көше жарықтандырылды. Бостандық ауданында қуаты 64 МВт «Каскад» қосалқы станциясының құрылысы аяқталды.


2 жыл ішінде коммуналдық меншікке 334,1 км иесіз электр желілері және 202 трансформаторлық қосалқы станциялар қабылданды.


Биыл Медеу, Алатау және Наурызбай аудандарында ұзындығы 147,2 км электр желілерін қайта жаңарту аяқталады.



«Жыл соңында біз Бостандық ауданындағы «Алмагүл» және Түрксіб ауданындағы «Тұздыбастау» екі қосалқы станциясының құрылысын аяқтаймыз, бұл 400 мың тұрғынды сенімді және үздіксіз электрмен қамтамасыз етеді», - деді Б. Сағынтаев.



1066 жартылай жарықтандырылмаған көшелер мен 486 аула аумақтарында сыртқы жарықтандыру құрылысы аяқталады. 24 көшені жарықтандыру жаңғыртылады.


Алматыда 2 жыл ішінде газбен жабдықтау желілеріне 3,8 мыңнан астам тұрғын үй қосылды. Бүгінде тұрғындардың 99,2% орталықтандырылған газбен қамтылған.


Алайда, 1497 тұрғын үй, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары газға қосылмаған күйінде қалып отыр.


Алматы әкімі қала бюджеті есебінен халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасыларын газға қосуды тапсырды.


Жол-көлік инфрақұрылымына келетін болсақ, Б. Сағынтаевтың айтуынша, 2021 жылы Рысқұлов – Емцов жол айрығының құрылысы аяқталды, Алатау көшесін тесу, Абай бойынша қозғалыс ашылды, "Тау самалы" шағынауданында Қонаев көшесін қайта жаңарту аяқталды, Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарының 8 шағынауданында ("Алғабас", "Шаңырақ-5", "Самғау", "Өжет", "Әлмерек", "Қайрат", "Нұршашқан", "Құрамыс") 65 км жаңа жол салынды.


"Думан" шағынауданындағы жолдар күрделі жөндеуден өтті. Ұзындығы 201 км 206 көше орташа жөндеумен қамтылды.



«Ағымдағы жылы Бұқтырма – Құлжа жол айрығы бойынша жұмыстар аяқталады. Сейфуллин – Жансүгіров қиылысындағы қозғалыс ашылады. Әуезов көшесін тесу жұмыстары аяқталады, сайын көшесін тесу құрылысы жалғасады, Төле би көшесін тесу жұмыстары басталады. "Алғабас", "Әлмерек", "Қайрат", "Шұғыла", "Ақжар" және "Шапағат" шағынаудандарында 100 км жаңа жол салынады», - деп атап өтті Алматы әкімі.



Ұзындығы 221 км болатын 224 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 23 магистралды көше, соның ішінде әл-Фараби, Шығыс айналма жолы, Розыбакиев және т.б көшелер қамтылады.


"Ақбұлақ", "Дархан", "Қарасу", "Тастыбұлақ", "Шұғыла" және т.б. шағынаудандарындағы жолдар жөнделеді, 1-ші тоқсанның соңына дейін «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро станциялары іске қосылады, «Қалқаман» станциясының құрылысы жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қала #әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Орталық Азия мұраты» монографиясы жарық көрді

Бүгін 18:31

Қазақстан прокатына «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» деректі фильмі шығады

Бүгін 18:14

Алмаша Аренова: Қазақстан мен Орталық Азияның стратегиялық әріптестігі жаңа жаһандық жағдайда айрықша мәнге ие

Бүгін 18:10

Қазақстанда балалар күніне 130 минут TikTok көреді

Бүгін 18:04

Түркістан облысында 9 миллион теңге шығын келтірген күдікті ұсталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі