AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қала тынысын жақсартуға бағытталған 240...

Алматыда қала тынысын жақсартуға бағытталған 240 ұсыныс әзірленді

Әлеумет 22.04.2025, 12:05 949
 Алматыда қала тынысын жақсартуға бағытталған 240  ұсыныс әзірленді
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қаланың тұрғын үй-коммуналды шаруашылығынан бастап, экология мен қоғамдық қауіпсіздікке дейінгі мәселелерін қамтыған қалалық қоғамдық кеңестің №1 комиссиясы өз жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында №1 комиссия төрағасының орынбасары Айгүл Шөпшекбаева осылай деп хабарлады. 

Оның айтуынша, комиссия 24 отырыс өткізіп, онда аудан әкімдігі, қала басқармасы, полиция департаменті мен төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің есебі тыңдалған. Соның нәтижесінде алматылықтардың өмір сапасын, қаланың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған 240 ұсыныс жасалды. 

«Комиссия мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында байланыс орнататын тиімді алаң екенін дәлелдеп отыр. Біз бар мәселені назарға алып қана қоймай, оның шешудің нақты жолын ұсынамыз»,- деп атап өтті Айгүл Шөпшекбаева. 

Спикердің айтуынша, Алматыдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен  жүйелі түрде жұмыс істеуге көп көңіл бөлінген. ТКҚ, көлік пен экология саласындағы жемқорлықты жоюды көздейтін іс-шаралардың жоспары жасалған. Соның бірі – ұсыныстың орындалу барысын қадағалап, оқытып, цифрлық шешімдерді өндіріске енгізу. 

«Біз билік органдарының ашық болғанын, есеп беріп отырғанын қалаймыз. Цифрлы құралдар, карта жасап,  арыз-өтінішке арнап QR-кодтар  енгізіп жатқанымыз содан. Халық осының арқасында ақпаратты тікесінен алып, қоғамдық бақылау да күшейеді»,- деді. 

Сонымен бірге, комиссия тұрғындармен, эксперттермен,  комплаенс-офицерлермен, ұйымдармен жұмыс істеуге көңіл бөліп отыр. 200-ден астам іс-шара өтіп,  тұрғындар мен әртүрлі ұйымдардың 70 арыз-шағымы қаралған. Оның 52-сі шешімін тауып, қалғанына түсініктеме берілген.

 

 

 

 

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қала тынысы #ұсыныс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

Кеше 22:00

«Алматы кештері» музыкалық кеші өтті

Кеше 20:57

Алматыда Сыдық Дәулетовтің «Нар жолы» кітабы таныстырылды

Кеше 20:52

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйімен танысты

Кеше 19:31

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйімен танысты

Кеше 18:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);