AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға жарты м...

Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға жарты миллионнан астам адам қатысты

Барлығы 22.09.2025, 09:14 778
Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға жарты миллионнан астам адам қатысты
Алматы әкімдігі

Алматының Қала күніне арналған мерекелік іс-шараларға мегаполистің 500 мыңнан астам тұрғыны мен қонағы қатысты. Мереке қаланың сегіз ауданының барлығын қамтып, негізгі оқиғалар 18-21 қыркүйек күндері өтті.

Мәселен, KitapFest фестивалін 40 мыңнан астам адам тамашаласа, Тұңғыш Президент саябағындағы мерекелік іс-шараларға 100 мыңнан астам қонақ келді. Ал «Астана» алаңында таңнан кешке дейін 130 мыңнан астам көрермен жиналды.

Қаланың орталық алаңдарында, саябақ пен көшелерінде ауқымды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды: Тұңғыш Президент саябағында көлемді Alma Fest-2025 өтті, Панфилов көшесі инновациялық Digital Fest алаңына айналды, ал Арбат KitapFest фестиветінің арқасында нағыз әдебиет орталығына айналды. Бұған қоса, Астана алаңы, Абай алаңы және «Көктөбе» жотасында үлкен концерттер өтті.

Алматылықтар мен қала қонақтарына Роза Рымбаева, «Дос-Мұқасан» ансамблі, Зарина Алтынбаева, Біржан Хасанғали, Бауыржан Мусин, Аружан Данышпан, Ерлан Байназаров, Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев, Il Canto квартеті, «ЖасStars», Александр Лим, Диана мен Ален Самыкеновтер, Жанболат пен Жазира, Салтанат Бақаева, «Ұлытау», «Бақай», «Сардар» топтары, Елбол Қуанбек, Алма Аманжолова, Марал Анарбек, Бақтияр Тайлақбаев, Өктем Алтаев, Бүркіт пен Айша, Медеу Арынбаев, Тамара Асар, Құрмаш Маханов, Бағлан Әбдірайымов, Кеңес Әлімжан, BYTANAT, Еркеш Хасен, Ақылбек Жеменей, Алан Черкасов, Асхат Тарғын, Заттыбек Көпбосын және тағы да көптеген артист өнер көрсетті.

Гала-концерттердің хедлайнерлері Қайрат Нұртас, TURAR, bellucci, «МузАрт» тобы, Shiza, De Lacure, Adam және Ninety One тобы болды. Қала күні Алматыны Қазақстанның мәдени астанасы ретіндегі мәртебесін тағы да айшықтай түсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қала күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба іске асырылуда

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);