Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Қала күні тойлана бастады

Алматыда Қала күні тойлана бастады

Әлеумет 11.09.2024, 15:11 1,708
Алматыда Қала күні тойлана бастады
Сурет ЖИ көмегімен салынды

Бүгін Алматыда тұрғындар мен қала қонақтары үшін ашық аспан астында төрт концерт өтеді. Халық барлық іс-шраны тегін тамашалай алады. «Асыл Қазына» атты алғашқы ауқымды концерт 18:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда болады. Сахнада Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова, Еркін Шүкіман, Амангелді Күзеубай және т.б. танымал дәстүрлі әншілер мен артистер өнер көрсетеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Кейін сағат 19:00-де осы алаңда «Алматы түні» атты екінші концерт басталады, көрермен қауымқа аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблі ән шырқайды. Бір сағаттан соң 20:00-де сахнаға «МузАрт» тобы шығады. Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев және Кенжебек Тұрсынбайұлы көпшіліктің сүйікті әндерін орындап, алматылықтарды келе жатқан Қала күнімен құттықтайды.

Тағы бір мерекелік іс-шара Арбатта өтеді. Тұрғындар мен қонақтарға «Жаңа ғасыр» театрының артистері «Алматы – махаббатым» концерт-спектаклі ұсынады Олар Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының алтын қорындағы фильмдердің саундтректерін қала тұрғындарымен бірге орындайды. Сонымен қатар, жас әрі талантты актерлер анонимді хат жазып, шынайы сезімі мен толғанысын білдіруге бел буған адамдардың ішкі жан сезімін театрландырылған драмалық көрініс арқылы көрермен назарына ұсынады.

Іс-шаралар жоспарының толық нұсқасы almaty.kz (https://www.almaty.kz/almaty-alasy-k-ni/?lang=kz) сайтында, сондай-ақ әкімдіктің Instagram парақшасында, Алматы мәдениет басқармасы мен аудандық әкімдіктердің ресми парақшаларында жарияланған. Ескертейік, аздаған өзгерістер болуы мүмкін. Ақпаратты әкімдіктің ресми интернет-ресурстары арқылы бақылап отыруды сұраймыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қала күні #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туризм Алматыға 110 млрд теңгеден астам табыс пен 200 млрд теңгеге жуық инвестиция әкелді

Бүгін 14:00

Қазақстанда митохондриялық алмастыру терапиясы сынақтан өтіп жатыр

Бүгін 12:18

Алматының Жетісу ауданы жарықтандыруды, балабақша мен кәріз жүйесін жаңартқалы отыр

Бүгін 12:02

Алматыдағы Жетісу ауданы 12 гектар жерді абаттандырады

Бүгін 11:59

Алматының Жетісу ауданында 1200 орындық жаңа мектеп ашылады

Бүгін 11:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика