Алматыда 10-11 сынып оқушыларына арналған BILIM TOUR білім беру жобасының алғашқы кездесуі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
3 қазанда өткен кездесуде оқушылар биология, химия, география және Қазақстан тарихы пәндері бойынша тегін сабақтарға қатысып, пән сарапшыларынан ҰБТ-ға дайындық бойынша практикалық кеңестер алды.
BILIM TOUR-дың негізгі мақсаты – тәжірибелі мамандар мен оқушылар арасындағы тікелей байланысты күшейтіп, сапалы білім беру ресурстарын өңір оқушыларына қолжетімді ету.
Жобаны Glucose білім беру орталығы ұйымдастырды. Алматыдағы алғашқы кездесуден кейін BILIM TOUR еліміздің тағы төрт қаласында жалғасады. Келесі кездесулер Қазалы, Қызылорда, Жетісай және Шымкент қалаларында өтеді.