AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда қайтыс болған 53 жастағы әйел төрт адамға...

Алматыда қайтыс болған 53 жастағы әйел төрт адамға донор болды

Медицина 19.07.2023, 07:26 1,346
Алматыда қайтыс болған 53 жастағы әйел төрт адамға донор болды
Сурет: Inform.kz

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында жас жігітке жүрек трансплантациясы жасалды.


Дәрігерлердің айтуынша, Алматының 53 жастағы тұрғыны төрт адамның өмірін аман алып қалды.


Ол екінші рет мидың өліміне әкеп соқтырған ишемиялық инсультқа шалдыққан.


Донор Алматыдағы № 4 ауруханада қайтыс болған. Ағзаны алу шаралары аталған медициналық мекемеде жасалды.



«13 шілде күні туыстары марқұмның ағзасын алуға келісім берді. Оның жүрегі 23 жастағы жас жігіттің өмірі сақтап қалды. Оған бұған дейін екі рет ота жасалған. 2013 жылы жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылды. Содан бері оның жағдайы нашарлай түсті. Жалғыз жол- жүрек ауыстыру болды. Енді операциядан соң пациенттің сапалы және ұзақ өмір сүруіне мүмкіндігі бар», - дейді кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев.



Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимовтың айтуынша, күрделі операция 6 сағатқа созылды.


Ота Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықпен бірлесіп, еліміздің жетекші кардиохирургы Юрий Пяның тікелей басшылығымен жасалды.



«Алматыда жүректі алғашқы алмастыру Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық мамандарының қолдауы мен Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ командасының үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды», - деді ол.



Қазақ ұлттық медицина университетіне ректоры Марат Шорановтың сөзінше, қайтыс болған әйелдің жүрегінен басқа екі бүйрегі және бауыры да алынып, кезекте тұрған науқастарға трансплантация жасалған.



«Қазір елімізде төрт мыңға жуық адам ағза ауыстыру кезегінде тұр. Оның ішінде 147 науқас жүрек трансплантациясы бойынша тізімге қойылған»,-деді Марат Шоранов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#донор #қайтыс болған адам #трансплантация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Бүгін 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Бүгін 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Бүгін 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика