AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «Қайрат» шағын ауданындағы сумен қамту жә...

Алматыда «Қайрат» шағын ауданындағы сумен қамту және су бұру желісінің екінші кезеңінің құрылысы биыл күзде аяқталады

Барлығы 24.02.2025, 10:16 1,145 dulatbekova
Алматыда «Қайрат» шағын ауданындағы сумен қамту және су бұру желісінің екінші кезеңінің құрылысы биыл күзде аяқталады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылдың қыркүйек айында ұзындығы 37,2 км болатын «Қайрат» шағын ауданындағы сумен қамту және су бұру жүйелерінің екінші кезеңінің құрылысы аяқталады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл бұрын сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз етілмеген учаскелерді толық қамтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Алматының Түрксіб ауданы әкімдігі хабарлады.

Айта кетейік, өткен жылы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Әлмерек» шағын ауданында 20 км су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы аяқталды. Жаңа желілерге шағын ауданның 400 үйі қосылды.

Сондай-ақ, «Жас Қанат» шағын ауданында 8 км сумен жабдықтау және 8,6 км кәріз желісі салынды, бұл жерде бұған дейін тұрғындар ауыз суды ұңғымалар арқылы алуға мәжбүр болған.

Бұған қоса, Закарпатская көшесінде 4,8 км сумен жабдықтау және 1,6 км кәріз желісінің құрылысы аяқталды. Ал «Төменгі Бесжылдық» шағын ауданында 115 км су құбыры және 32 км кәріз жүйесі салынды. 2024 жылы «Шуақты» шағын ауданында кәріз сорғы станциясы (КСС) салынды, бұл Волочаевская көшесіндегі 70 үйдің кәріз мәселесін шешуге мүмкіндік берді.

Тұрғындарды күзгі-қысқы маусымда жылумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы Спасск-Бекмаханов және Бекмаханов-Сүйінбай көшелеріндегі жалпы ұзындығы 2,1 км болатын жылу желілерін жаңарту жұмыстары аяқталды. Бұл желілер 30 жылдан астам уақыт бұрын салынған болатын.

Бұл жобалар Түрксіб ауданының 21 мыңнан астам тұрғынын сапалы ауыз сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қайрат #сумен қамту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);