AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда психологиялық көмек көрсетудің жеңіл қысқ...

Алматыда психологиялық көмек көрсетудің жеңіл қысқа нөмірі — 1303 енгізілді

Әлеумет Бүгін 17:02 44 yakiya
Алматыда психологиялық көмек көрсетудің жеңіл қысқа нөмірі — 1303 енгізілді

Алматы қаласында Психикалық денсаулық орталығының базасында тәулік бойы тегін әрі анонимді шұғыл психологиялық көмек қызметі жұмыс істейді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Енді қала тұрғындарына қолдау алуға жүгіну бұрынғыдан да жеңілдеді — Сенім телефонының бірыңғай қысқа нөмірі 1303 енгізілді.

Бұл туралы Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас психиатры Нәби Есімов медициналық ұйымдардың қатысуымен өткен жұмыс кеңесінде мәлімдеді. Кеңес Алматы ҚДСБ басшысы Марат Пашимовтың төрағалығымен өтті.

Бұған дейін тұрғындар ұзын қалалық және мобильді нөмірлер арқылы хабарласатын. Психологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру және жедел байланысты қамтамасыз ету мақсатында есте сақтауға жеңіл қысқа нөмір — 1303 енгізу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар +7 (727) 376-56-60 және +7 708 983 28 63 байланыс желілері де жұмысын жалғастыруда.

Кеңес барысында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және халықты қолдау шараларына ерекше назар аударылды. Алматыда жасөспірімдер мен ересектер арасында суицидтің алдын алу және аутодеструктивті мінез-құлықты ерте анықтау бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Марат Пашимов уақытылы көрсетілген психологиялық көмек пен қолдау сұрауға жедел мүмкіндік беру халықтың психикалық денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Психикалық денсаулық мәселелерінен бөлек, кеңесте қалалық денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық нысандар инфрақұрылымының жағдайы, күрделі жөндеу мәселелері, сондай-ақ халықты вакцинациялау көрсеткіштері талқыланды.

Иммундау мәселелері бойынша Алматы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова баяндама жасады. Қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, адам папилломасы вирусына қарсы профилактикалық егулермен қамту, сондай-ақ дифтерия, көкжөтел, сіреспе, В вирусты гепатиті, полиомиелит және гемофильді инфекцияға қарсы вакцинация бойынша мәліметтер ұсынылды.

Сонымен қатар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі адамдарға медициналық көмек көрсету мәселелері қаралды. Бұл бағытта консультациялар, диагностика, профилактикалық тексерулер мен скринингтер жүргізілуде.

Кездесу аясында орфандық аурулары бар пациенттерге көмек көрсету мәселелері де талқыланды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ересектердегі орфандық аурулар жөніндегі штаттан тыс бас маманы Зауре Душимова емдеу тиімділігіне жүргізіліп жатқан мониторинг пен пациенттерді бақылау жұмыстары туралы баяндады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Психологиялық көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

Бүгін 18:19

Алматыда «Алматы Жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау 1 маусымда басталады

Бүгін 16:26

Алматыда Бекмаханов көшесінің бір бөлігінде түнде қозғалыс шектеледі

Бүгін 16:24

«Байтақ» пен «Әділет» альянс құруы мүмкін

Бүгін 16:12

Алматыдағы мектепте Ұлттық ұланның қатысуымен төтенше жағдайларға арналған кешенді оқу-жаттығу өтті

Бүгін 16:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);