AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Президенттік әдеби сыйлық тапсырылды

Алматыда Президенттік әдеби сыйлық тапсырылды

Әлеумет 25.01.2024, 10:41 1,262
Алматыда Президенттік әдеби сыйлық тапсырылды
Сурет: Elorda.info

Алматыда  Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жас жазушылар мен ақындарға Президенттік арнаулы әдеби сыйлық табыс етті.




Іс-шараға белгілі ақындар мен жазушылар, мәдениет қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Әдебиет – ұлттың жаны. Ол әрдайым халықпен бірге үздіксіз дамып отырады. Шығармашыл тұлғаның қаламынан қашалып шыққан туынды қай кезде де әлемдік контекстегі ұлттың ерекшелігін танытатыны сөзсіз. Хәкім Абай, Мұхтар Әуезов, Қасым Аманжолов, Жұмекен Нәжімеденов, Мұқағали Мақатаев сынды әдебиет алыптарының шығармалары өз уақытының көркемдік көкжиегін кеңейтті. Руханияттың осынау ұлы көші өз сапарын тоқтатпай, кеше мен бүгінді, бүгін мен ертеңді жалғап келеді. Сондықтан біз әрдайым жас қаламгерлер шығармашылығын айрықша назарда ұстаймыз», - деп атап өтті министр.



Сондай-ақ министр мемлекет тарапынан еліміздің ақын-жазушыларының туындыларын басып шығару арқылы оларға белсенді түрде қолдау көрсететінін айтты. Жыл сайын қоғамдық маңызы бар кітаптарды сатып алу, басып шығару және тарату бағдарламасы бойынша қаламгерлердің кітаптары жарық көреді. Соңғы екі жыл ішінде үш жүзден астам жаңа туынды төл әдебиетіміздің қорын толықтырды. Ел мәдениетінің дамуына қосылған құнды үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы үздік шығармалар үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық пен «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы беріледі.


2023 жылы жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету, дарынды ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында тұңғыш рет Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындалды. Әдеби сыйлық 18-35 жасқа дейінгі қаламгерлерге арналған.


Авторлар бұған дейін халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған өз шығармаларын ұсынып, барлығы 53 өтінім қабылданды. Оның ішінде «Балалар әдебиеті» номинациясына - 17, «Драматургия» номинациясына - 9, «Поэзия» номинациясына - 13,  «Проза» номинациясына - 14 үміткер бар.


Өтінімдердің барлығы жіті қаралып, шығарманың көркемдік деңгейі арнайы сараптамадан өтті.


Министр «Қазақстанның жас жазушылары мен ақындарына арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағының иегерлеріне арнайы дипломдар мен төсбелгілер және ақшалай сыйлықтар табыс етті.



«Проза» номинациясы бойынша Жылқыбай Досханның «Квант» туындысы, «Поэзия» номинациясы бойынша Еділбек Дүйсеновтің «Қалалық құстар» өлеңдер топтамасы,  «Драматургия» номинациясы бойынша Айтолкын Ашимованың «Тау көтерген Толағай» драмалық туындысы, «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша Олжас Қасымның «Атың озсын, азамат!» топтамасы жүлделі орынға ие болды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жас жазушылар #Ақындар #Әдеби сыйлық #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);