AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда Президент шыршасы өтті

Алматыда Президент шыршасы өтті

Мәдениет 25.12.2022, 07:38 1,947
Алматыда Президент шыршасы өтті
Суретті түсірген Қ.Қонысбаев

Алматыда Мемлекет басшысы жариялаған Балалар жылы аясындағы дәстүрлі Президент шыршасы өтіп жатыр.


Шырша тойына тұрмысы төмен, жетім, оқу озаты мен дарынды және ерекше қажеттілігі бар, сонымен қатар, оқуда, спортта және шығармашылықта жетістікке жеткен дарынды 300 бала шақырылды.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Алматы әкімі Ерболат Досаев құттықтап, зор денсаулық, мол табыс және жаңа жылда барлық арманның орындалуын тіледі.



Роза Рымбаева «Кел, Жаңа жыл!» әнін шырқап, Аяз Ата, Ақшақар және 2023 жылдың нышаны Қоянның қатысуымен шыршаның шамын жағу театрландырылған қойылымның өзегіне айналды.


Бұған қоса, танымал тұлғалар Президент шыршасына келген қонақтарға бейнежазба арқылы жүрекжарды лебізін жолдады. Атап айтқанда, олардың арасында әртіс Димаш Құдайберген, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, әнші Данелия Төлешова, т.б. бар.


«Жаңажылдық сиқыр» музыкалық-интерактивті шоу-спектаклі шырша тойының шырайын кіргізіп, Ерке Есмахан, Мұхтар Ханзада, КешYou тобы, т.б. әннен шашу шашты.


Іс-шара соңында барлық қонақтар Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңажылдық сыйлықтар алды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #шырша #балалар жылы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

Бүгін 19:39

Дархан Сатыбалды Тәжікстанның Хатлон облысының төрағасымен кездесті

Бүгін 19:35

Естелік-портрет: аудиториядан басталған эфир жолы

Бүгін 19:26

Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады

Бүгін 18:25

Қазақстандық жұмыс берушілердің кадрларға сұранысы өсуде

Бүгін 18:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);