AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Президент кеңесшісі ұстаздармен кездесті

Алматыда Президент кеңесшісі ұстаздармен кездесті

Барлығы 18.04.2025, 15:02 846
Алматыда Президент кеңесшісі ұстаздармен кездесті
Cурет: Самат Құсайынов

Президент тапсырмасына сәйкес Алматы қаласына жасаған сапары аясында Мемлекет басшысының кеңесшісі Мәлік Отарбаев білім саласының өкілдерімен кездесті.

Іс-шара Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Кездесуге Алматы қаласы Білім басқармасының қызметкерлері, мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарының өкілдері қатысты. Олар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмалары аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Атап айтқанда, педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа формалары енгізілуде, ата-аналармен және қоғамдық құрылымдармен өзара байланыс нығайып келеді.

Білім басқармасының мәліметінше, мұғалімдерге арналған 19 семинар-практикум және түрлі тақырыпта 300-ден астам жиналыс ұйымдастырылған. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін тәрбие жұмысында заңға, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау, отансүйгіштік пен экологиялық мәдениетке баулу бағытындағы іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Сабақтан тыс уақытта оқушыларға әскери-патриоттық бағытта білім беру, ұлттық спорт түрлеріне баулу, «Жас Сарбаз», «Smart Bala» жобалары аясында мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар, қала мұғалімдері арасында шығармашылық бағыттағы түрлі байқаулар мен эстафеталар ұйымдастырылуда.

Білім саласының өкілдері Алматыда педагогтерге қолдау көрсету жұмыстарының күшейгенін атап өтті. Қала мектептерінде оқушылар толыққанды ыстық тамақпен қамтылып, мектеп автобустары тұрақты жұмыс істеуде.

Өз сөзінде Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының ұстаздар еңбегін әрқашан қолдайтынын және бұл бағыттағы саясат жалғасатынын айтты.

– Ұстаз – әрқашан қоғамдағы мәртебелі тұлға. Абай атамыз айтқандай: «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан», – деді Мәлік Отарбаев.

Президент кеңесшісі педагогтердің қоғамдағы айрықша миссиясын атап өтіп, олардың еңбегі қазіргі және келер ұрпақ үшін аса маңызды екенін жеткізді. Ол ұстаздар еліміздің адами капиталының негізін қалыптастырып жатқанын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, спикер Президент айқындаған басым бағыттарға – қоғамды цифрландыру, көлік-коммуникация саласын, энергетика мен ауыл шаруашылығын дамыту қажеттігіне тоқталды.

– Бүгінгі таңда әділетті Қазақстанды қалыптастыру үшін жастарға сапалы білім беру, мемлекеттілікті, ел бірлігін және азаматтық ынтымақты сақтау – маңызды міндет, – деді Мәлік Отарбаев.

Кездесу соңында ол білім беру саласының қызметкерлеріне табыс пен шабыт тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Президент кеңесшісі #Мәлік Отарбаев #ұстаздармен кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі валюта бағамы

Бүгін 12:11

Тоқаев Грекия президентіне жеделхат жолдады

Бүгін 10:15

3 қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Бүгін 10:08

Алматыдағы Наурыз: мерекелік іс-шаралар төртінші күн қатарынан жалғасуда

Кеше 21:42

Наурыз мерекесі аясында Алматыда жас таланттар өнер көрсетті

Кеше 21:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика