AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда полиция 7 мыңнан астам қару иесін тексерд...

Алматыда полиция 7 мыңнан астам қару иесін тексерді

Заң мен тəртіп 12.03.2026, 15:55 339 dulatbekova
Алматыда полиция 7 мыңнан астам қару иесін тексерді
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласында криминогендік ахуалды тұрақтандыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Polisia.kz. сілтеме жасап.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері тіркелген азаматтық қару иелерін тексеріп, қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауда. Бүгінгі күнге дейін полицейлер 7300-ден астам қару иесіне тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижесінде қаруды сақтау талаптарын бұзғаны үшін 220 азамат жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар қолданыстағы заңнама талаптарын бұза отырып сақталған 258 бірлік тіркелген азаматтық қару заңсыз айналымнан алынды. Полиция қаруды сақтау қағидаларын бұзбау – қылмыстар мен жазатайым оқиғалардың алдын алудың маңызды тетіктерінің бірі екенін еске салады.

– "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтық қару иелерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Тексеру барысында қаруды сақтау жағдайына ерекше назар аударылады. Біздің басты мақсатымыз – тек заң бұзушылықтарды анықтау ғана емес, сонымен қатар ықтимал құқық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады, – деді Алматы қаласы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Асхат Кулбаев

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);