Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда полицияның сервистік орталықтарының жұмыс...

Алматыда полицияның сервистік орталықтарының жұмысы зерделенді

Барлығы 20.01.2026, 15:31 276
Алматыда полицияның сервистік орталықтарының жұмысы зерделенді
Сурет: Polisia.kz

Танысу практикасы аясында Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов Алатау аудандық полиция басқармасына, сондай-ақ Алмалы және Алатау аудандарындағы полицияның сервистік орталықтарына барды. Сапар барысында ішкі істер органдарындағы адамға бағдарланған модельдің негізгі тетігі саналатын сервистік орталықтардың жұмысына ерекше назар аударылды. Сервистік орталықтар азаматтар мен полиция арасындағы өзара іс-қимылды жеңіл әрі қолжетімді ету мақсатында құрылған. Бүгінде олар қаладағы әрбір ауданда жұмыс істейді және "қадамдық қолжетімділік" қағидаты бойынша ұйымдастырылған. Бұл азаматтардың артық уақыт жоғалтпай, ұзақ кезек пен күрделі рәсімдерсіз қажетті қызмет алуына мүмкіндік береді. Полиция департаментінің бастығы азаматтарды қабылдау жағдайымен, мамандар жұмысының ұйымдастырылуымен, қызметтердің қолжетімділігімен, келушілерге арналған навигациямен және сервистік қызмет көрсету деңгейімен танысты. Өз сөзінде Айдын Кабдулдинов сервистік орталықтардың жаңа форматтағы полицияның философиясы екенін атап өтті. — Сервистік орталықтар халық үшін құрылған. Бұл — қолжетімділік, түсінікті навигация, ашықтық және әрбір азаматқа құрметпен қарау. Адам өзін өтініш беруші ретінде емес, заңда көзделген қызметті алуға келген азамат ретінде сезінуі тиіс, — деді ол. Департамент басшысының айтуынша, сервистік орталықтардың басты идеясы — жазалаушы модельден көмек көрсету және сүйемелдеу моделіне көшу. — Біздің міндетіміз — тек құқық бұзушылыққа ден қою емес, күнделікті өмірлік жағдайларда азаматтарға қолдау көрсету. Құжатын жоғалтты ма, анықтама немесе кеңес қажет пе, құқықтарын қорғау керек пе — адам қайда жүгінетінін және ол жерде оның мәселесі ескерусіз қалмайтынын білуі керек. Әр ауданда сервистік орталықтың болуы — бұл мемлекеттің саналы қадамы. Полиция азаматтарға жақындай түседі. Әр ауданда — өз орталығы, өз көмек көрсету алаңы, — деп түйіндеді Айдын Кабдулдинов. Полицияның сервистік орталықтары азаматтарға қолайлылық, қолжетімділік және құрмет қағидаттарына негізделген заманауи кеңістік ретінде дамуын жалғастыруда. Өйткені қауіпсіздік ең алдымен адамға деген қарым-қатынастан басталады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #сервистік орталық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада республикалық веложарыс өтті

Бүгін 18:18

Павлодарлық «Ertis» әйелдер арасындағы Ұлттық баскетбол лигасының жартылай финалына жолдама алды.

Бүгін 18:15

Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтингінде 7-орынға шықты

Бүгін 18:12

Қамзол қайда, Ақбоз ат?

Бүгін 17:59

Енді пәтерге тіркеуге шектеу енгізілуі мүмкін

Бүгін 17:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика