AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда полицияның сервистік орталықтары қалай жұ...

Алматыда полицияның сервистік орталықтары қалай жұмыс істейді?

Әлеумет 21.12.2022, 05:46 1,146
Алматыда полицияның сервистік орталықтары қалай жұмыс істейді?
Сурет: Gov.kz

Жылдам әрі сапалы қызмет көрсету.


Жүйелі реформа және полиция жұмысының сервистік моделін енгізу аясында Мемлекет басшысы Алматы қаласының барлық аудандарында сервистік орталықтарды ашуды тапсырды.  Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пен қала әкімі Ерболат Досаев полиция департаментінде қоғам белсенділерімен сервистік орталықтарды ашу бойынша жобаны талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



«Мемлекет басшысы жүктеген міндет – ХХІ ғасырдағы адамға бағдарланған полиция. Оның өлшемі – халықтың сенімі. Халық сенген кезде тығыз байланыста болады, сонда ол полиция жұмысының тиімділігін көре алады. Жалпы, жобаны біз «сервистік модель» деп атаймыз. Бүгінгі міндет – жылдам әрі сапалы қызмет көрсету», - деді Марат Ахметжанов. 



Сондай-ақ ведомство басшысы «Сервистік орталықтардың мақсатты аудиториясы кім болады?» деген сұраққа жауап беріп, өзара әрекеттесудің нақты құрылымын құру және функциялардың қайталануына жол бермеу қажеттігін атап өтті.


Стационарлық полиция ғимараттарында барлық негізгі қызметтер шоғырланғаны айтылды. Сонымен бірге бұл ғимараттардың режимдік түрде болатыны ұмыт қалмады. Оларға қолжетімділік шектеулі. Бұрын фронт-кеңселер ашылған еді, бірақ олар полицияның қабылдау бөлімдері мен анықтамалық бюроларға айналды, онда адамдардың нақты проблемалары шешілмеуі мүмкін.


Сондықтан әртүрлі аудиторияға полиция қызметін көрсетудің үш деңгейлі моделін құру ұсынылады. Біріншісі – жолаушылар немесе өткінші адамдар. Олар үшін қоғамдық орындарындағы модульдік бекеттер жұмыс істейді. Екіншісі – учаскелік полиция пункттеріне жүгінетін аудан (аумақ) тұрғындары. Үшіншісі – әкімшілік және қылмыстық істер бойынша шешімдермен келіспеген адамдар, құқық бұзушылар, қызмет алушылар.


Азаматтардың өтініштерін қарастыру ғана маңызды емес. Олар құқықтық тәртіп мәселелерін жан-жақты талдаудың негіздерінің бірі болуы керек. Бұл саладағы профилактика тек полиция қызметімен шектелмейді. Ол үшін полицияның сервистік орталықтары жанынан әртүрлі ведомстволардың құқық қорғаушыларынан, әкімдіктер қызметкерлерінен және қоғам белсенділерінен тұратын қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ведомствоаралық топтары құрылады.


Қауіпсіздік мәселелерін шешу министрліктер кабинеттерінде емес, жергілікті жерлерде жүзеге асырылады. Бұған жұртшылық тікелей қатысады. Бұл «проблемаға бағытталған тәсіл» деп аталады.


Сонымен қатар кездесуде қалада бейнебақылау жүйелерін дамыту және жеке жүйелерді бірыңғай диспетчерлік пунктке интеграциялау талқыланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #полиция #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Бүгін 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);