AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда полиция дүкендегі қарақшылық шабуылды әшк...

Алматыда полиция дүкендегі қарақшылық шабуылды әшкереледі

Барлығы 30.01.2026, 15:10 330 dulatbekova
Алматыда полиция дүкендегі қарақшылық шабуылды әшкереледі
Сурет: Polisia.kz

Алматыда азық-түлік дүкенінде жасалған шабуыл мен тонау қылмысы ашылды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматының криминалдық полиция қызметкерлері Әуезов аудандық полиция басқармасындағы әріптестерінің қолдауымен қарақшылық шабуылдың бетін ашты. Қылмыс қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінде болған. Белгісіз ер адам әйел адамға шабуыл жасап, оған дене жарақатын салып, алтын бұйымын ашық түрде иемденіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушіге дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шараларының кешені барысында күдікті тұлға анықталып, ұсталды. Ұрланған мүлік тәркіленіп, қылмыстық істің материалдарына тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

 — Криминалдық полиция қызметкерлерінің аумақтық бөлімшемен бірлескен үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде күдікті қысқа мерзім ішінде ұсталды. Қылмыстың барлық мән-жайы анықталып, ұрланған мүлік қайтарылды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жасалған қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын сақтау бағытындағы жұмыс жалғаса береді, — деп нақтылады Алматы қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияров.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #Қарақшылық шабуыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде мамырдан бастап не өзгереді?

Бүгін 09:17

Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Бүгін 08:16

Петропавлда HACKATHON 2026 өтті

Кеше 21:39

Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтті

Кеше 18:57

Майдангерлерге – 5 миллион теңге

Кеше 18:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика