AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда ПД қызметкерлері Ауған соғысы құрбандарын...

Алматыда ПД қызметкерлері Ауған соғысы құрбандарын еске алды

Барлығы 17.02.2026, 08:23 573
Алматыда ПД қызметкерлері Ауған соғысы құрбандарын еске алды
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы полиция департаментінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына арналған еске алу іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды Aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап, 

Жиынға департамент басшылығы, жеке құрам, ішкі істер органдарының ардагерлері, сондай-ақ қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мүшелері қатысты. Жиналғандар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды. Іс-шараның маңызды бөлігі ретінде қатысушылар жаңа ведомстволық "Ғасырлар мұрасы" музейін аралады. Музей экспозицияларында ішкі істер органдары тарихының тағылымды беттері, архивтік құжаттар мен ел тыныштығы жолында жанын қиған қызметкерлердің өмір жолы көрініс тапқан. Іс-шара барысында Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов сөз сөйлеп, тарихи жадыны сақтау мен ұрпақтар сабақтастығының маңызын атап өтті.

– Әскери және қызметтік борышын абыроймен орындаған әріптестерімізді еске алу – өткенге тағзым ғана емес. Бұл – бүгінгі полиция қызметкерлері үшін адамгершілік бағдар. Олардың ерлігі, қайсарлығы және антқа адалдығы – нағыз патриотизм мен қоғам алдындағы жауапкершіліктің үлгісі, – деді Айдын Кабдулдинов. 

Сондай-ақ департамент басшысы қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына алғыс білдіріп, оларға қамқорлық жасау ведомство үшін әрдайым басым бағыт болып қала беретінін жеткізді.

– Біз соғыстан оралмаған және бейбіт күнде құқықтық тәртіпті қорғау жолында қаза болған азаматтардың есімін ұмытпауға міндеттіміз. Бұл – біздің кәсіби әрі адами борышымыздың негізі, – деп атап өтті Алматы қаласы полициясының басшысы. 

Мұндай тағылымды шаралар ұжымдық рухты нығайтып, қызмет тарихына деген құрметті арттырады және жас буын қызметкерлерді заңға, Отанға адал қызмет ету рухында тәрбиелеуге ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ауған соғысы құрбандары #еске алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі

Бүгін 18:15

Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды

Бүгін 18:00

«Таза Қазақстан»: Алматыда «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқауларының жеңімпаздары анықталды

Бүгін 17:52

Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсету жоспарланып отыр

Бүгін 17:45

Жазыл да ұтып ал!

Бүгін 17:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);