Алматы қаласының полиция департаментінің мәліметінше, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Дархан шағынауданында, өзен маңынан қару-жарақ жасырылған орынды анықтады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Оның ішінен тұтас арсенал табылды.
Полиция қызметкерлері газды тапаншалар, граната, сондай-ақ тегіс ұңғылы мылтықтардың кесінділерін тәркіледі.
Барлық тәркіленген заттар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Мамандар табылған қару мен оқ-дәрілердің шығу тегін, кімге тиесілі екенін, сондай-ақ аталған жасырын орынның қашан және қандай жағдайда жасалғанын анықтауы тиіс.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.