Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда өткізу мүмкіндігі 2 есе кеңейтілген су өт...

Алматыда өткізу мүмкіндігі 2 есе кеңейтілген су өткізгіш құбырлар орнатылады

Әлеумет 26.07.2022, 03:13 1,338
Алматыда өткізу мүмкіндігі 2 есе кеңейтілген су өткізгіш құбырлар орнатылады
сурет: Almaty-akshamy.kz

102 аумақ және 12 істен шыққан коллектор анықталды


Алматыда су тасу мәселесін шешу үшін кешенді жұмыстар жүргізілуде. Судың жайылуынан көбірек зардап шеккен 56 аумақта апаттық-қалпына келтіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Райымбек даңғылының солтүстік бөлігіне диаметрі 1 метрлік 2 су өткізгіш құбыр орнатылды, бұл Яссауи мен Б.Момышұлы көшелерінен келетін еріген суды өткізеді.  Осы аумақта, Райымбек даңғылының  жолды бөлу жолағында қабылдағыш камералар орнатылады. Сондай-ақ Яссауи көшесінің құбыр өткізгіші бұрыннан бар су өткізгіш коллекторға жалғанады, ал Б.Момышұлы көшесінің құбыр өткізгіші бұрыннан бар Райымбек-Момышұлы айрық жүйесінің өткізгішіне қосылады. 
Экология және қоршаған орта басқармасының мамандарының айтуынша, бүгінде қала бойынша  диаметрі 500 мм-лік су өткізгіш құбырлар бар, бұлар қаладағы су ағынына төтеп бере алмайды. Сондықтан да судың өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін диаметрі 1 метрлік құбыр өткізгіштер орнатылуда. Осылайша қаладағы құбырлардың су өткізгіштігі 2 есеге ұлғаяды. 




«Қала басшысының тапсырмасы бойынша біздің басқарма Алматының су жайылатын аймақтарына мониторинг жасады. Нәтижесінде 102 аумақ және 12 істен шыққан коллектор анықталды. Солардың ішінде 56 аумақ судың жайылуынан қатты зардап шегетінін, сондықтан тез арада биылдан қалдырмай апаттық қалпына келтіру жұмыстары қажет екені анықталды», деді Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының  стратегиялық даму бөлімінің жетекшісі Мұрат Жексембаев.




Сондай-ақ мониторинг барысында 12 коллекторға тазалау мен қалпына келтіру жұмыстары қажет екені және 4 су өткізгіш канал  салу қажеттілігі анықталды. Бүгінде қалада Емцов пен Рысқұлов даңғылының төмен жағындағы су өткізгіш құбырларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Осы аумақтағы жұмыстар 20 күн бойы жүреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Су құбыры #коллектор #жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Referendum2026: Әлеуметтік желіде жаңа Конституцияны қолдағандар саны 88 мыңнан асты

Бүгін 17:01

Михаил Шайдоровтың тарихи костюмі Олимпиада мұражайына қойылды

Бүгін 16:15

Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы тұңғыш рет қазақ тілінде сахналанды

Бүгін 15:42

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Бүгін 15:18

Кунг-фу панда бейнесі: Джеки Чан Шайдоровтың өнеріне сүйсінді

Бүгін 14:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі