Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда өткен жиында әскери дәрігерлер жыл қорыты...

Алматыда өткен жиында әскери дәрігерлер жыл қорытындысын шығарды

Әлеумет 30.11.2024, 14:35 828
Алматыда өткен жиында әскери дәрігерлер жыл қорытындысын шығарды
ҚР Қорғаныс министрлігі

Алматыда ҚР Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының ұйымдастыруымен әскери дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің қатысуымен маңызды іс-шара өтті. Жиынға Алматы өңірлік гарнизонының әскери бөлімдері, Қарулы күштердің түрлері мен әскер тектері медициналық қызметтерінің басшылары қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Іс-шара Қорғаныс министрлігі әскери клиникалық госпиталінің базасында ұйымдастырылды. Тәжірибелік сабақтар 61993 әскери бөлімі мен Құрлық әскерлері әскери институтының нысандарында өткізілді. Бұл іс-шара әскери медициналық қызметтің сапасын арттыру, жаңа әдіс-тәсілдерді үйрету және әскери салада денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мақсатында маңызды рөл атқарды.

Жиын барысында дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтауларды жоспарлау және сатып алу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, емдеу-алдын алу шараларын ұйымдастыру және медициналық жабдықтың тиімді пайдалану жай-күйі туралы лауазымды тұлғалар баяндама жасады. Әскери дәрігерлер амбулаториялық және стационарлық пациенттермен жұмыс істеу, жарақат алған науқастардың есепке алу құжаттамасын жүргізу мәселелерін пысықтады. Сонымен қатар, әскери қызметшілердің, оның ішінде тәуліктік нарядқа түсушілердің профилактикалық медициналық тексеруден өткізу стандарттары да қарастырылды.

Тәжірибелік сабақтарда дәрілік заттарды сақтау, есепке алу және есептен шығару тәртіптері де егжей-тегжейлі талқыланды. Жиынға қатысушылар дене шынықтыру дайындығынан сынақ тапсырып, арнайы дайындық бойынша нормативтерді орындады. Бұл іс-шара әскери медициналық қызметтің сапасын жақсартуға, әскери қызметшілердің денсаулығын қорғауға және жалпы әскердің жауынгерлік дайындығын нығайтуға маңызды үлес қосты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскери медицина #оқу-жаттығу #дәрі-дәрмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика