Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда өткен білім форумында жекеменшік мектепте...

Алматыда өткен білім форумында жекеменшік мектептерге де басымдық беру жайы айтылды

Білім және ғылым 25.08.2022, 05:17 1,382
Алматыда өткен білім форумында жекеменшік мектептерге де басымдық беру жайы айтылды
Сурет: Kursiv.media

Жекеменшік мектептер тегін оқулықпен қамтамасыз етіледі - Асхат Аймағамбетов




Бүгін Алматыда  «Білімді ұлт: білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» атты форум өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Оған 23 мың ұстаз қатысып жатыр.


Дәстүрлі жиынға Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Сингапур мұғалімдер одағының Бас хатшысы Майк Тируман, Хельсинки қаласы білім департаментінің қызметтерді дамыту бөлімінің басшысы Марье Киллонен, білім беру саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар, мұғалімдер және ата-аналар қауымдастығының 23 мыңнан астам өкілі қатысып жатыр.


Форумның мақсаты – білім беру сапасын арттыру бойынша нақты кейстерді талқылау үшін диалог алаңын ұсыну, қаланың білім беру жұмысының жүйесін жақсарту үшін практикалық тәжірибемен алмасу. Алматы әкімі Ерболат Досевтың айтуынша, бүгінгі күні жекеменшік мектептердің әлеуеті зор.



«Бүгінгі таңда балалардың талантын дамытуға мүмкіндік туды. Алматы қаласында шығармашылыққа, цифрлы технологияға, инновацияға бағытталған мектептер бар. Олардың нәтижесі өте жақсы. Жаңа оқу жылында екі жекеменшік мектеп ашылады. Мысалы, Мәскеуде мектептердің үштен бір бөлігі - жекеменшік. Алматыда да солай болу керек деп ойлаймын. Сапалы білім - жас ұрпақтың болашағы»,- деді Ерболат Досаев.



Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов алдағы уақытта жекеменшік мектептер тегін оқулықпен қамтамасыз етілетінін айтты.



«Қазір жекеменшік мектептердің басым бөлігі қосымша қаржы алмайды, себебі жекеменшік білім оршақтарына жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі енгізілген. Сондықтан аталған мектептер оқулықпен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, курс мәселесі туындап отыр. Министрлік алдағы уақытта тиімді шешім қабылдайтын болады»,- деді министр.



Сондай-ақ отырыс барысында алдағы оқу жылында қала мектептерінде білім беру сапасын арттыру жолдары талқыланды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жекеменшік мектептер #форум #білім #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда сот шешімімен ірі ғимарат сүріліп жатыр

Бүгін 12:16

Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын сотталды

Бүгін 12:10

Freedom Inside форумы: цифрлық экожүйелердің бизнес пен технологияларды қалай біріктіреді

Бүгін 12:05

Белгілі қазақстандық жазушылар мен ақындар «Кітап оқитын ұлт» жобасы Қамқоршылық кеңесінің құрамына кірді

Бүгін 11:54

Алматыдан 273 шақырым қашықта жер сілкінді

Бүгін 11:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика