AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда осы заманғы академиялық музыка фестивалі...

Алматыда осы заманғы академиялық музыка фестивалі өтуде

Мәдени Алматы Бүгін 12:14 54 yakiya
Алматыда осы заманғы академиялық музыка фестивалі өтуде

Алматыда осы заманғы академиялық музыка фестивалі өтуде, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда ХХ ғасыр композиторларының шығармасы мен осы заманғы музыкалық премьералардың басын қосқан академиялық музыка фестивалі өтіп жатыр. Фестиваль бағдарламасы мен оның қаланың мәдени өміріндегі маңызы туралы Өнер академиясының Т. Абдрашев атындағы мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Қанат Омаров пен «Құрмет» орденінің иегері Еркебұлан Сапарбаев Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында айтып берді.

Фестиваль Алматыда осымен үшінші рет өткелі отыр. Осы уақыт ішінде ол осы заманғы академиялық музыканы дамытып, жаңа шығармашылық жобаларды қолдауға арналған елдегі маңызды мәдени алаңға айналған.

Фестиваль 15 мамыр күні салтанатты түрде ашылды. Қанат Омаровтың жетекшілігімен Т. Әбдірашев атындағы мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр Густав Малердің әлемдік репертуардағы ең ауқымды әрі күрделі шығарманың бірі саналатын №6 симфониясын орындады.

Фестивальдің келесі концерті 30 мамыр күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен залында өтеді. Кеш бағдарламасына Клод Дебюсси мен Бела Бартоктың шығармалары, сондай-ақ қазіргі қазақстандық композиторлар Рахат-Би Әбдісағин мен Р. Ибрагимовтың «TAU» атты туындысының әлемдік премьерасы енген.

«Фестиваліміздің мақсаты – көрерменге ХХ ғасыр композиторларының сирек орындалатын шығармасын таныстырумен қатар, қазіргі композиторларды да халыққа таныстырып өту, – дейді Қанат Омаров.

Кештің солисі ретінде халықаралық байқаулардың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Еркебұлан Сапарбаев өнер көрсетеді.

Спикерлердің сөзінше, фестиваль классикалық музыканы насихаттап қана қоймай, қазіргі қазақстандық композиторлық мектепті қолдап, жастардың академиялық өнерге қызығушылығын арттыруға бағытталыпты.

«Бағдарламада тың әрі тосын дүние көп. Кейбір шығармаларды қазақстандық көрермен алғаш рет естуі мүмкін. Меніңше, фестивальдің басты миссиясы – тыңдарманды таңғалдыратын, көкжиегін кеңейтетін, әлемдік композиторлық мұрамен таныстыратын музыканы орындау», – дейді Еркебұлан Сапарбаев.

Брифинг қатысушыларының айтуынша, «ХХ26» фестивалі академиялық музыканың интеллектуалдық мұрасы мен замандық шығармашылық эксперименттерді ұштастырып, мәдени диалогтың, көрермендерді жаңа музыкалық бағыттармен таныстыратын үлкен алаңға айналып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы №16 емхананы қайта жаңғырту жұмыстары биыл күзде аяқталады

Бүгін 12:03

Алматыда түнгі ойын-сауық орындарына бақылау күшейтілді: рейд барысында жастар жаппай құқықбұзушылықты анықтады

Бүгін 11:20

Жол апатынан кейінгі ауыр жарақат пен 10 ота: алматылық дәрігерлер науқасты аяғынан тік тұрғызды

Бүгін 10:53

Арманға қанат бітірген орда: Алматы Оқушылар сарайының бүгінгі тынысы

Бүгін 10:52

Астанада жүк көлігі велосипедші баланы басып кетті: жасөспірім оқиға орнында көз жұмды

Кеше 17:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);