конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда осы аптада да аптап ыстық болады

Алматыда осы аптада да аптап ыстық болады

Алматы Бүгін 09:11 38 yakiya
Алматыда осы аптада да аптап ыстық болады

Алдағы жеті күнде Алматыда ерекше ыстық болады деп болжанды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Синоптиктер атап өткендей, жылжыған атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, ал жекелеген өңірлерде дауыл тұрып, бұршақ түседі. Бұл ретте еліміздің оңтүстігі мен орталығы, негізінен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Алматы облысында, республикамыздың бірқатар өңірлерінде +35...+39°C деңгейінде аптап ыстық сақталады", – дейді гидрометорталықтың өкілі.

13 шілдеде аспан бұлтты, күн райы құбылмалы болғанына қарамастан жауын-шашын күтілмейді, жел шығысқа қарай бағытын өзгертіп, жылдамдығы секундына 3-8 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде: +21...+23°C, күндіз: +34...+36°C.

14 шілдеде ауа райы қала біршама тұрақты болады. Күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп болжанады, батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Жауын-шашынға қарамастан сынап бағаны күндіз жоғары деңгейде болады: +33...+35°C.

Синоптиктер дауыл ескерту де жариялады:

13-14 шілдеде Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, сондай-ақ Алматының іргелес аумақтарында нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Бұл көлбеу ағынның пайда болуына, өзендердегі су деңгейінің көтерілуіне, жергілікті аумақты және жеке учаскелерді су басуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Қауіпті белгілерден асқан кезде елдімекендерді, шаруашылық құрылыстар мен өзен жайылмаларында орналасқан жолдарды су басу қаупі жоққа шығарылмайды.

15 шілдеде аспан бұлтты болып, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Ауа температурасы түнде: +20...+22°C, күндіз: +35...+37°C.

16 және 17 шілдеде жауын-шашын тоқтайды. Көкте бұлттар жүріп, батыстан әлсіз жел соғады, құрғақ әрі өте ыстық ауа райы қайта оралады. Ауа температурасы түнде: +21...+23 градус, ал күндіз: +37...+39°C.

Сонымен қатар, 11-15 шілде аралығында Алматыда қатты ыстыққа байланысты дауылды ескерту жарияланады: күндіз ауа температурасы қатты қызады: +35...+37°C, Алматы облысында ең жоғары мәнге жетеді: +35...+39°C, ал өңірдің солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

QR арқылы криптовалютамен төлем жасау енгізіледі

Кеше 16:38

Ерлердің миы ерте қартая ма?

Кеше 15:20

Аризона университетімен бірлескен қос диплом бағдарламалары бойынша Қазақстанда алғашқы түлектер оқуын аяқтады

Кеше 15:00

Скринингтен өту: ақылы әлеуметтік демалыс

Кеше 14:27

15 жасында әлемдік рекорд орнатқан қазақ баласы

Кеше 12:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);