Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматыда өртке қарсы арнайы режим енгізілді

Алматыда өртке қарсы арнайы режим енгізілді

Өмір-өзен 15.07.2021, 18:37 1,794
Алматыда өртке қарсы арнайы режим енгізілді
Сурет: Алматы қаласы ТЖД

Мамандар қала тұрғындарын темекіні құрғақ шөпке тастамауға шақырды.


Алматыда Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінде от тұтатқан 27 жастағы ер адам ұсталды. Тәртіп бұзушыға 145 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Қалада өртке қарсы режим енгізілгені туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Самат Асаинов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Самат Асаиновтың айтуынша, Алматыда өрттің қауіпті кезеңі наурыз айында басталып, әдетте қазан айына дейін созылады. Осы уақытта ТЖД  құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет атқарады. Табиғи өрттің алдын алу бойынша мониторинг жүргізіледі.



«Биыл шілде айында ауа райы құбылмалы болды. Күн қатты ысыды. Аздап жауған жауын-шашыннан ауа температурасы төмендеген жоқ. Әсіресе, бұл таулы аймаққа қатысты. Алайда уақытылы қабылданған  шаралардың арқасында өрттің алдын алдық. Өрттің қауіпті кезеңі басталғаннан бері 193  ағаш өртенді. Биыл құрғақ шөптің жануы 14,3%- ға, құрғақ өсімдіктердің жануы 55,2%-ға азайды», – деді Алматы ТЖД бастығының орынбасары.




Бұған дейін көктемде жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен ауқымды жұмыс басталған. Аудан әкімдіктері жалпы ауданы 153,7 га құрғақ шөпті тазалау жұмыстарын бастады. Жер жыртылып, ұзындығы 75,57 км минералды жолақтар жаңартылды.




Сондай-ақ Самат Асаинов Алматы қаласы ТЖД мен полиция қызметкерлерінен құралған мобильді топтың жұмысына тоқталды. Бұл қызметке орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері қол ұшын созып, еріктілер де қатысты. Бұл топтар өрт туындауы ықтимал деген «ыстық» аймақтарды тексереді. 



«Мобильдік топтар 82 бірлескен рейд жүргізді. Демалушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. От тұтатқан 235 жағдайға тосқауыл болып, 200 жеке тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде үш адам Әкімшілік кодекстің 367-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 437 550 теңге көлемінде айыппұл салынды. Қалған тәртіп бұзушыларға қатысты ескерту жасалды», – деді Самат Асаинов.




ТЖ департаментінің өкілі жыл сайын өткізілетін алдын алу шараларының арқасында соңғы 9 жылда таулы және орманды жерлерде, орман-саябақ аймақтарында өртке жол берілмегенін айтты.



«Барлық құтқарушылар таулар мен ормандарда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін сақтағаны үшін қуанатынын айтқым келеді. Табиғатта ашық оттың жағылуына жол бермеу өте  маңызды. Құрғақ шөп пен қоқысты өртемеңіз.  Құрғақ шөпті әдейі өртейтін адамдар жақын аймақты тазарту үшін  қауіп төндіреді. Мысалы, жеке ауланың иелері мен бағбандар  ыстық күннен кеуіп қалған шөп пен қоқысты өртеп жібереді», – деді Самат Асаинов.



Полковник қала тұрғындарына от жағу фактілері қатаң түрде тоқтатылатынын ескертті. Өйткені құрғақшылық пен ыстық ауа райында шөп тез тұтанады, бұл өртке ұласуы мүмкін. Сондай-ақ, ол оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарынан темекіні құрғақ шөпке тастамауды, бөтелке, сынған шыны қалдырмауды сұрады.


Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін кінәлі адамдар бұзушылықтың сипаты мен келтірілген залалға байланысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.



Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары Алматы тұрғындарына «Қазгидрометтің» алдын ала мәліметтері бойынша, шілде айының екінші жартысында және тамыз айында мегаполис аумағында аздаған жауын-шашын, сондай-ақ ауа температурасының кей жерлерде 40 градусқа дейін көтерілуі күтілетінін айтты.


Осы уақытта Алматы қаласы әкімдігінің, «Қазәуеқұтқару» және «Қазәуеорманқорғау» РМҚК барлық құтқару қызметтері жауынгерлік әзірлікте болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ДЧС #Казахстан #ТЖД #өрт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика