AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Орталық Азиядағы ең биік таулы падел алаң...

Алматыда Орталық Азиядағы ең биік таулы падел алаңы ашылды

Алматы Бүгін 18:02 45 Дина
Алматыда Орталық Азиядағы ең биік таулы падел алаңы ашылды

Алматыда белсенді демалысқа арналған жаңа кеңістік – Medeu Padel Open Air Courts ашылды. Нысан Керей-Жәнібек хандар көшесі, 554/3 мекенжайында, теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының Туризм басқармасы өкілдерінің мәліметінше, жаңа падел алаңы Орталық Азиядағы ең биік таулы нысан саналады. Бұл жоба Алматыдағы белсенді және спорттық туризмнің мүмкіндіктерін кеңейтіп, қала тұрғындары мен қонақтарына таудағы демалыстың жаңа үлгісін ұсынады.

Medeu Padel Open Air Courts туристер мен белсенді өмір салтын ұстанушылардың жаңа тартымды орнына айналып, қаланың ең танымал тау нысандарының бірінің инфрақұрылымын толықтырмақ.

Алаңның ресми маусымы 2026 жылы 16 қазанына дейін жалғасады. Келушілер үшін екі заманауи падел корты, демалыс аймақтары және қажетті инфрақұрылым қарастырылған. Кеңістік тәжірибелі спортшыларға да, осы спорт түрімен алғаш танысып жүргендерге де қолайлы.

Medeu Padel Open Air Courts жобасының ашылуы Алматының туристік инфрақұрылымын дамытуға ықпал етіп, қаланың Орталық Азиядағы белсенді және тау туризмінің жетекші орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін нығайта түседі.

Айта кету керек, падел – әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Ол үлкен теннис пен сквоштың элементтерін біріктіреді. Қарапайым ережелері мен қарқынды ойын мәнерінің арқасында падел кәсіби спортшылар мен әуесқойлар арасында кең танымалдыққа ие болып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 18:20

Алматыда заңсыз салынған «Береке» базары сүрілді

Бүгін 17:57

Сенатта Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті

Бүгін 14:19

Абай университетінде талапкерлерді қабылдау науқаны басталды

Бүгін 14:15

Ғылымдағы жаңа серпін

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);