Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Орталық Азиядағы тұңғыш Балалар ғылыми му...

Алматыда Орталық Азиядағы тұңғыш Балалар ғылыми музейінің құрылысы талқыланды

Барлығы 18.06.2025, 18:14 762
Алматыда Орталық Азиядағы тұңғыш Балалар ғылыми музейінің құрылысы талқыланды
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан ірі ғылыми-білім беру жобаларының бірі — Алматыдағы Балалар ғылыми музейінің құрылыс барысымен танысты. Жоба Сингапур Ғылым орталығы және музейлік шешімдер әзірлеу саласында тәжірибесі мол Kingsmen Exhibit PTE LTD компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.

Бұл бастама Қазақстандағы алғашқы интерактивті кеңістік болмақ. Ол балалардың ғылым, технология, инженерия және математика салаларына (STEM) деген қызығушылығын ерте жастан дамытуға бағытталған.

Қазір нысанда бұзу жұмыстары аяқталып, техникалық сараптаманың қорытындысына сай құрылымдарды күшейту жұмыстары басталды. Құрылыс барысын Алматы қаласы әкімдігінің салалық басқармалары мен білім беру, сондай-ақ ESG-интеграция салаларындағы халықаралық сарапшылар бірлесе қадағалап отыр. 

Сингапур Ұлттық ғылым академиясының президенті, Сингапур Ғылым орталығының бас директоры, доктор Тит Менг Лиммен өткен жұмыс кездесуі барысында жобаны жүзеге асыру барысы кеңінен талқыланды. Әңгіме аясында сингапурлық музейді басқару моделін бейімдеу және осы салада білікті мамандар даярлау жайы қозғалды. Доктор Лим жоба командасын оқыту мен озық әдістемелерді енгізу тұрғысынан жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін білдірді.

Жобада инклюзивтілік мәселесіне айрықша мән берілген: ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жайлы жағдай жасалады. Атап айтқанда, аутизммен ауыратын балалар үшін арнайы бөлме жабдықталады.

«Біз Алматыда жай музей емес, балалардың ғылыммен еркін тілдесе алатын, танымдық қызығушылығын оятып, зерттеушілік қабілетін кеңістік құрып жатырмыз. Бұл ұлттың зияткерлік болашағын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам», - деді Дархан Сатыбалды.

Қала әкімі жобаның сапалы әрі мерзімінде орындалуын тапсырды. Сонымен қатар Балалар ғылыми музейін қаланың мектепке дейінгі және бастауыш білім беру жүйесіне үйлесімді біріктірудің маңызын айтты. Музей 2026 жылы ашылады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #балалар #ғылыми музей #Дархан Сатыбалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтардың зәресін алған қыздар елден шығарылды

Бүгін 10:14

Қазгидромет 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Бүгін 09:11

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Кеше 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Кеше 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Кеше 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика