ffin.kz

Алматыда Орталық Азия өсімдік тәлімбақтары қауымдастығының II конференциясы басталды

Алматыда Орталық Азия өсімдік тәлімбақтары қауымдастығының II конференциясы басталды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Орталық Азия өсімдік тәлімбақтары қауымдастығының II конференциясы басталды. Оған ландшафттық дизайн, абаттандыру, урбанистика, отырғызу материалы өндірісі және көгалдандыру саласындағы жетекші мамандар жиналды. Конференция аясында түрлі елдердің тәлімбақтары көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Конференцияны ашылу салтанатында сөз алған Алматы қаласының Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы Мирас Гайсин урбанизацияның қарқынды дамуы, климаттың өзгеруі және қалалардағы өмір сүру сапасын арттыру қажеттілігі жағдайында көріктендірудің тиімді тәсілдері ерекше өзекті екенін атап өтті. Экологиялық қиындыққа тап болып отырған Қазақстанның ең ірі қаласы Алматыны табиғатпен үйлестіру оның тұрақтылығы мен өмір сүруге қолайлы болуын қамтамасыз етеді.

«Алматы республикадағы ең жасыл қаланың бірі: қаланың 68 мың гектар аумағының 25,4 мың гектары немесе 36%-ы жасыл желекпен қамтылған.. Қалада аумағы 977 гектар болатын 542 саябақ аймағы бар. Алматыда шамамен 4 миллион жасыл желек өседі, ал жан басына шаққандағы көгалдандыру деңгейі 12 шаршы метрден асады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2030 жылға қарай Алматыда жасыл қорды 6,5 миллион ағашқа дейін арттыру жоспарланып отыр», - деді Мирас Гайсин.

 

Негізгі бағыттың бірі – жаңа қоғамдық кеңістіктер мен саябақ аймақтарын құру. Биыл 4 нысанның құрылысы қолға алынды, келесі жылы 6 жаңа саябақ салынып, 6 қолданыстағы аймақ қайта жаңартылмақ. Жаңа саябақ аймағының бірі Сайран көлі аумағы, онда қазіргі уақытта жұмыстар жүріп жатыр. Келер жылдың көктемінде Сайран жағалауы бойына 4 мың ағаш отырғызылады, оның ішінде ірі ағаштар да бар. Көлдің маңында алғаш рет 7 мың шаршы метр қоршаулар мен гүлзарлар, 300 мың шаршы метрге түрлі шөптер отырғызылып, су өсімдіктері – лотос өсіріледі.

 

Қаланы көгалдандыруда суару жүйесін ұйымдастыру маңызды рөл атқарады. Соңғы екі жылда Алматыда 720 мыңнан астам ағашты қамтитын 300 шақырымнан астам тамшылатып суару желісі салынды, 40 ұңғыма және 5 су жинағыш салынды. Ұзындығы 187 км болатын автосуару жүйесі қазірдің өзінде 58 учаскеде іске қосылған. 

 

2023 жылы Алматыда жасыл желекті күтіп ұстау және қорғаудың жаңа ережесі бекітілді, алғаш рет суару жүйесін ұйымдастыру, өсімдіктерді биологиялық өңдеу және ағаштар мен құрылыс нысандары арасындағы ең аз қашықтықты сақтау талаптары енгізілді. Ережеге сәйкес, кесілген талдардың орнына отырғызылатын ағаштар жапырақты ағаштар үшін биіктігі кемінде 2,5 метр, ал қылқан жапырақты ағаштар үшін кемінде 2 метр болуға тиіс және оларға үш жыл бойы күтім жасалуы керек. Ағаштар Бас ботаникалық бақтың, аграрлық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарының ұсыныстары бойынша отырғызылады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ағаш көшеттерінің жерсіну көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 70%-дан 90%-ға дейін өсті.

 

Конференция барысында қалалық ортаны қалай жайлы және қауіпсіз етуге болады, ірі қалаларда қандай отырғызу материалдарын пайдалану қажет, мегаполистерге жасыл желекті қалай қайтаруға болады, тұрғындарға шабыт сыйлайтын кеңістіктерді қалай жасауға болады дегендей қазіргі қалалардың алдында тұрған өзекті мәселелер талқыланады. Сарапшылар көгалдандыру мен абаттандыруға арналған инновациялық тәсілдерді ұсынады, бұл экологиялық тұрғыдан таза және жайлы қалаларды құруға көмектеседі. Сондай-ақ, қатысушылар қалалық ортаны барлық тұрғынның, оның ішінде балалардың, жастардың және мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттілігін қанағаттандыратындай жасау керектігін талқылайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:16

12:18

11:44

11:38

11:31

11:30

11:27

11:12

11:11

11:04

10:15

09:45

05:01

18:15

17:25

16:23

15:19

14:54

14:35

14:33

13:45

13:05

12:33

12:17

11:31