Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда орта білім берудің үздік ұйымы 56 млн тең...

Алматыда орта білім берудің үздік ұйымы 56 млн теңге көлемінде грант алады

Білім және ғылым 11.05.2023, 09:02 3,138
Алматыда орта білім берудің үздік ұйымы 56 млн теңге көлемінде грант алады
twitter.com

Алматыда 2023 жылдың 30 маусымына дейін жалғасатын «Орта білім берудің үздік ұйымы» грантын беруге арналған жыл сайынғы байқаудың қалалық кезеңі басталды, деп хабаралайды almaty-akshamy.kz


Байқаудың мақсаты – тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені жинақтау мен тарату, ҚР орта білім беру жүйесінің даму үрдістерін анықтау. Жарыс қаланың білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының кәсіби және жеке өсуіне ықпал етуге арналған.         


Қазақстандық білім берудің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және жоғары рейтингтік көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қатысушыларды іріктеу мынадай критерийлер бойынша жүзеге асырылады:                                     


1) оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу;             


2) сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету;                     


3) кадрлық қамтамасыз ету;                                                                   


4) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;                                                


5) білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдайлар жасау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;                                                          


6) педагогтер мен басшылардың кәсіби және жеке өзін-өзі дамыту үшін жағдайлар жасау;                                                                                             


7) инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау;                                            


8) соңғы үш жылдағы оқушыларды оқытудағы рейтингтік көрсеткіштер;      


9) білім беру сапасын басқару;                                                             


10) білім беру сапасын сыртқы және ішкі бағалау нәтижелері;


11) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.


Байқаудың аудандық кезеңі 10-28 сәуір аралығында өтті. Қалалық байқау комиссияның жұмысы 30 маусымда аяқталады.


Байқауға барлық  мемлекеттік орта білім беру ұйымы қатысады. Әр ауданнан ұсынылған сегіз білім беру ұйымы арнайы құрмет дипломымен марапатталады, ал жеңімпаз Алматы қаласы әкімінің 56 млн теңге сомасындағы грантын иеленгені туралы сертификат алады.



Грантты тапсыру 2023 жылдың тамыз айында қалалық пленарлық конференцияда жоспарланып отыр. «Орта білім берудің үздік ұйымы»  ретінде грант алған мемлекеттік орта білім беру мекемесіне материалдық-техникалық жабдықтандыруды жақсартуға және білім беру үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге қаражат аударылады.



Қосымша сұрақтар бойынша 8 702 299-24-27 нөміріне,  қалалық ғылыми-тәжірибелік ғылыми-әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы  Әкімжан Сайлыбаевқа хабарласуға болады,


«Орта білім берудің үздік ұйымы» грантын беруге арналған байқауды өткізу ережесімен сілтеме бойынша танысуға болады.


Алматы қаласы  білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік  орталығы.


Алматы қаласының білім басқармасы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #білім #грант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика