AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда өрт қаупі жоғары маусымдағы жұмысты қорыт...

Алматыда өрт қаупі жоғары маусымдағы жұмысты қорытындылады

Барлығы 21.11.2025, 14:42 414 Дина
Алматыда өрт қаупі жоғары маусымдағы жұмысты қорытындылады
сурет: Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінен

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында РМК «Қазавиаорманқорғау» Алматы авиациялық бөлімшесінің мамандары 2025 жылғы өрт қаупі жоғары маусымның қорытындысын ұсынып, таулы-орманды жерлерде алдын-алу жұмысын күшейту үшін қолға алынған іс-шаралар туралы хабарлады. Бөлімше жетекшісі Бекзат Байшаловтың айтуынша, биылғы маусымда жауын-шашын аз болып, табиғи өрттің пайда болу мен жылдам таралу қаупін едәуір арттырып жіберген. Бөлімше қарауындағы орман қоры 672 мың гектардай болады, оның құрамына жеті мемлекеттік коммуналдық мекеме, үш ұлттық табиғи парк пен бір мемлекеттік қорық кіреді.

Маусым қорытындысы бойынша аумақта 28 орман өрті тіркеліп, оның 22-сі таулы аймақта болыпты. Жалпы өрт шалған аудан 79 гектарды құрап, оның 46 гектары орманды, 33 гектары ормансыз аумақ болды. Ең көп салмақ түскен аумақ - Іле-Алатау МҰТП. Мұнда 26 гектардай жерде 21 өрт шыққан.  

«Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерте анықтау жағы маңызды рөл атқарды. 28 оқиғаныың 7-і авиация арқылы анықталып, бұл жалпы көрсеткіштің 41%-ын құрады. Бұл көрсеткіш бұдан да жоғары болуы мүмкін еді, алайда авиасақшыларға бөлінген сағаттың аздығына байланысты әуеден толықтай бақылауға мүмкіншілік болмады», – дейді Бекзат Байшалов.

Авиация өрт сөндіру қызметі өртті сөндіру мен жою жұмыстарына белсенді қатысқан. 2025 жылы олар 75% жағдайға араласып, 21 өрт солардың қолымен сөндірілді. Жұмыстар күндіз де, түнде де жүргізілді.

Әуеден бақылау мен жедел әрекет ету үшін биыл мына ресурстар бөлінді:
* ұшақ – 372 сағат ұшу уақыты,
* 2–3 класты тікұшақтар – 285 сағат,
* 1 класты тікұшақ – 85 сағат.

Маусым барысында орман иеленушілердің, табиғатты қорғау полициясының, балық инспекциясының және салалық мекеме мамандарының қатысуымен тұрақты авиарейдтер де жүргізілді. Нәтижесінде табиғат қорғау заңнамасын бұзуға қатысты төрт әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өрт #қауіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);