Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда орнитофаунаны сақтау мәселесі талқыланды

Алматыда орнитофаунаны сақтау мәселесі талқыланды

Не? Қайда? Қашан? Бүгін 11:07 27
Алматыда орнитофаунаны сақтау мәселесі талқыланды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстандағы құстардың жағдайы мен оларды қорғау жағы туралы орнитолог, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылым жөніндегі директоры Сергей Скляренко баяндама жасады. Іс-шара Халықаралық құстар күніне орай өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанда 520-дан астам құс түрі тіркелген, олардың шамамен 400-і ұя салатындары екен. Құстар экожүйеде маңызды рөл атқарады: олар жәндіктер мен кеміргіштің санын реттейді, тұқымдардың таралуына, өсімдіктердің тозаңдануына да олар көп ықпал етеді.

Сонымен қатар орнитофауна біраз күрделі қауіп-қатерге тап болып отыр.

Негізгі қауіптің қатарында инфрақұрылымның дамуы мен пайдалы қазбаны өндіруге байланысты табиғи мекен ету ортасының жойылуы, қоршаған ортаның ластанып, климаттың өзгеруі, сондай-ақ заңсыз сауда мен браконьерлік бар.

Энергетика саласының дамуына байланысты тоққа түскен, электр желісіне шырмалып қалған құстар да көбейген, улы заттарды қолдану да олардың санына кәдімгідей кері әсер тигізіп жатыр екен.

Әлемде құстың түрі шамамен 49% азайып, алаңдатарлық үрдіс байқалған. Қазақстанда қазір Қызыл кітапқа 58 түр енгізілген, бұл тізім алдағы уақытта әлі де толығуы мүмкін екенін айтады Сергей Скляренко.

Жекелеген түрлердің жағдайы ерекше алаңдаушылық туғызады. Мысалы, заңсыз сауданың кесірінен ителгінің саны шамамен 90%-ға қысқарған. Дала қыраны жиі электр желісіне түсіп өледі екен, сұлу тырна мен жорға дуадақ та жаппай аулайтындықтан қыстайтын орындарында дәл сондай жағдай қалыптасқан. Диклофенак сияқты ветеринарлық препараттармен улану да өлексемен қоректенетін құстардың санына үлкен қауіп төндіріп отыр.

Алматыда торғай мен қарлығаш сияқты үйреншікті құстардың саны да азая бастапты. Қалалық орта өзгеріп, жәндіктердің саны азайғандықтан осындай жағдайға алып келген. Су маңындағы құстардың саны, керісінше, артып отыр, өйткені қаладағы су айдындарында оларға тиіспейді.

Орнитофаунаны қолдау үшін мамандар қалалық саябақтарда табиғи әртүрлілікті сақтап, жидек егіп, аумақтарды химиялық өңдеуді азайтып, құстарды су көзімен қамтамасыз етіп, жасанды ұялар жасау сияқты іс-шараларды қолға алуды ұсынды.

Сергей Скляренко атап өткендей, құстарды сақтау экология мәселесі ғана емес, ол сонымен қатар қалалық ортаның тұрақты дамуы мен адамдардың өмір сапасына да әсер ететін маңызды шаруа.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #құстар #қорғау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда құстың 20 жаңа түрі табылды

Бүгін 12:18

Алматы қаласының Алмалы ауданында 60 тұрғын үйдің қасбеті жаңарады

Бүгін 12:15

Марқұм Нұрай Серікбайдың ісі: күдікті психикалық емдеу орталығына жатқызылған

Бүгін 12:13

Қазақстанда кейбір кітаптарды сақтағандар жауапқа тартылмақ

Бүгін 12:02

Псевдодіни тұлғалар елді ірітіп жатыр: Ермұрат Бапи қатаң жаза енгізуді ұсынды

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика