AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда орфан дерті бар науқастар 2026 жылы дәрі-...

Алматыда орфан дерті бар науқастар 2026 жылы дәрі-дәрмекпен қамтылады

Барлығы 10.12.2025, 16:48 599 Сұлу
Алматыда орфан дерті бар науқастар 2026 жылы дәрі-дәрмекпен қамтылады
Алматы әкімдігі

Алматы қаласы мәслихатының ХХХIХ сессиясында депутаттар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын аурулар мен дәрілік препараттар тізімін кеңейту жөніндегі мәселені бірауыздан қолдады. Бұл шешім үш түрлі нозологияға шалдыққан алты пациентке қатысты.

Қаржыландырудың жалпы сомасы 128 млн теңгені құрайды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған нозологиялар әлеуметтік маңызы жоғары, кей жағдайларда сирек әрі ауыр дерттердің санатына жатады.

Жергілікті бюджет есебінен амбулаториялық деңгейде дәрілік препараттар жүйелі қызыл жегі, қысқа ішек синдромы және оптикомиелоневрит (Девик ауруы) диагнозы бар пациенттерге жеткізіледі.

"Бұл патологиялармен ауыратын науқастар үшін заманауи препараттарды қолдану – жай ғана медициналық қажеттілік емес, ауруды тұрақтандырудың, еңбекке қабілеттілікті сақтаудың және мүгедектікке жол бермеудің жалғыз жолы. Ұсынылған әрбір мәселе – өңір тұрғындарының нақты қажеттілігіне негізделген. Әр санның артында қиын өмір жағдайына тап болған адамдар мен олардың отбасылары тұр", – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләйла Иманғалиева.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне сәйкес, 2017 жылдан бері орфан ауруларымен ауыратын пациенттер қымбат дәрілік препараттармен негізінен мәслихаттардың шешімі бойынша жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрі #орфан дерті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Бүгін 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Бүгін 14:36

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:09

«Алматы» ӘКК мен «Қазақмыс корпорациясы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін 11:24

Жаңбыр жауып, дауыл соғады: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 10:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика