Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда оқушылардың емтихандары және түлектердің...

Алматыда оқушылардың емтихандары және түлектердің мектеп бітіру кештері қалай өтеді?

Білім және ғылым 24.05.2022, 11:12 1,615
Алматыда оқушылардың емтихандары және түлектердің мектеп бітіру кештері қалай өтеді?
Сурет: Tengrinews.kz

Ертең орта білім беретін барлық ұйымдарда оқу жылы аяқталады.


Алматы қаласының білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде биылғы жылы мектеп оқушылары үшін емтихандар мен мектеп бітіру кеші қалай өткізілетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Спикер білім беру сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 2022 жылғы 26 мамыр мен 17 маусым аралығында 1-8, 10 сынып оқушылары үшін әрбір білім беру ұйымының жазғы мектебінде оқыту ұйымдастырылатынын атап өтті.


9, 11-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар бекітілген кестеге сәйкес, 9-сыныптарда 28 мамырдан 6 маусымға дейін, 11-сыныптарда 27 мамырдан 10 маусымға дейін өткізіледі. 11-сынып түлектері Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан тапсырады.



«ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектеп бітіру кешін өткізу бойынша ұсыныстарына назар аударғым келеді. Биыл мектеп бітіру кеші мектеп қабырғасында болады, ал аттестаттарды тапсыру салтанаты 16-17 маусымда өтеді. Мектепті бітіруге қатысты барлық шаралар мектеп қабырғасында өткізілуі керек. Түлектердің ата-аналарына бұл іс-шараларға шығындануларының тиімсіздігі туралы ескертеміз», - деді Г. Ермекбаева.



Оның айтуынша, мектеп бітіру кешін білім беру ұйымы өз күшімен ұйымдастырады. Іс-шараға аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, ақылы әртістерді шақыруға, мерекелік отырыстар ұйымдастыруға, жалға алынған автомобильдерде экскурсиялар өткізуге жол берілмейді.



«Сондықтан мұғалімдерге, мектепке сыйлықтар жинауға қатаң тыйым салынғанын атап өткім келеді. Мектеп бітіру іс-шараларын аяқтау және өткізу мәселелері бойынша департаменттің call-орталығына көптеген сұрақтар келіп түсуде. Онда барлығына оқу жылының аяқталуы бойынша түсініктеме береміз», - деп атап өтті Алматы қаласының білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқу #мектеп #түлек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық блогер Ильяр Ювашевке іздеу жарияланды

Кеше 17:49

Алматыда көп әйел алуды насихаттаған азаматқа айыппұл салынды

Кеше 17:13

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Кеше 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Кеше 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Кеше 12:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика