AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету...

Алматыда оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету 40%-ға артты

Әлеумет 28.02.2023, 05:15 910
Алматыда оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету 40%-ға артты
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Биылғы оқу жылында Алматы қаласында оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету 40%-ға артты.


Егер өткен оқу жылында тек 19 мың оқушы (немесе оқушылардың 7%) тегін тамақпен қамтамасыз етілсе, биыл шамамен 133 мың (45,3%) қамтылды. Осылайша, барлық бастауыш сынып оқушысының тегін тамақпен 100% қамтылуын қосқанда оқушыларды тегін тамақпен қамту 38,3%-ға өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Естеріңізге салайық, қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша алғашқы пилоттық жоба ел көлемінде алғаш рет биылғы оқу жылының 1 қыркүйегінде Алматы қаласында басталды. Бұған дейін әлеуметтік осал отбасылардан шыққан білім алушылар ғана тегін тамақпен қамтамасыз етілетін.




«Сапалы білім берудің маңызды шарты – оқушыларды сапалы азықпен қамтамасыз ету. Сондықтан отбасыларды мемлекеттік қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Бірыңғай стандарттарға сәйкес, 4 апталық тегін тамақтану мәзірі бекітілді. Ол білім басқармасының және білім беру ұйымдарының сайтында жазылған. Қазір барлық білім беру ұйымында тамақтану сапасына күнделікті мониторинг жүргізетін комиссия бар. Құрамына медицина қызметкерлері, мектеп әкімшілігі және ата-аналар қауымының өкілдері кіреді. Тамақтануды ұйымдастыруға білім беру ұйымының басшысы дербес жауапты екенін атап өтемін. Біз әр оқушының сапалы тамақтануын қамтамасыз етуді жалғастырамыз», - деді Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.



Айта кетейік, қазір 1-4 сынып оқушылары және әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан шыққан 5-11 сынып оқушылары 100%-ы тегін тамақпен қамтамасыз етілген.


Қала мектептерінде тамақтану сапасын арттыру үшін асханалар цифрландырылады. Бұл қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша пилоттық жобалар, тегін тамақтануды электрондық табельдеу және т. б.


Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тегін тамақтану #мектеп #оқушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);