AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда өнеркәсіпті дамытуға бағытталған ауқымды...

Алматыда өнеркәсіпті дамытуға бағытталған ауқымды жоспарлар жүзеге асырылып жатыр

Барлығы 17.12.2025, 16:31 844
Алматыда өнеркәсіпті дамытуға бағытталған ауқымды жоспарлар жүзеге асырылып жатыр
Алматы әкімдігі

Шағын және орта бизнес (ШОБ) мегаполистің экономикалық жүйесіндегі негізгі буын, ол қаланың тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.

2026 жылы жергілікті бюджеттен ШОБ-ты қолдауға 66 млрд теңге қарастырылған, бұл биылғы көрсеткіштен 30%-ға артық. Әкімнің бастамасымен және мәслихат депутаттарының қолдауымен арнаулы салық режимі бойынша мөлшерлеме 4%-дан 3%-ға дейін төмендетілді. Өндірістік әлеуетті арттыру мақсатында 2027 жылдың соңына дейін жалпы ауданы 226 мың шаршы метрден асатын 39 шағын өнеркәсіп паркін іске қосу жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде 4,8 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Негізгі мақсат – 2030 жылға қарай ШОБ-тың қала экономикасындағы үлесін қазіргі 60%-дан 65%-ға дейін арттыру.

"Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібін дамытуға басымдық бере отырып, жаңа инвестициялық кезеңді іске қосуды тапсырды. Бүгінде инвесторлардың Индустриялық аймақ пен "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағында ("ИТП" АЭА) орналасуға деген сұраныс қазіргі ұсыныстан асып отыр. Осыған байланысты Индустриялық аймақтың аумағын 634 гектарға кеңейту, "ИТП" АЭА аумағын ұлғайту және жеңілдіктер мерзімін 2050 жылға дейін ұзарту жоспарланған. 2026-2028 жылдар аралығында жалпы құны 2,3 трлн теңге болатын 165 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Бұл қала экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қуатты серпін береді. 2030 жылға қарай өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспорты 40%-ға өсіп, 7 млрд АҚШ долларына жетеді", – деді Алматы әкімі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дархан Сатыбалды #өнеркәсіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі

Кеше 18:15

Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды

Кеше 18:00

«Таза Қазақстан»: Алматыда «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқауларының жеңімпаздары анықталды

Кеше 17:52

Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсету жоспарланып отыр

Кеше 17:45

Жазыл да ұтып ал!

Кеше 17:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);