Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «омикрон» нұсқасын жұқтыру симптомдары ту...

Алматыда «омикрон» нұсқасын жұқтыру симптомдары туралы айтылды

Әлеумет 25.01.2022, 09:58 1,480
Алматыда «омикрон» нұсқасын жұқтыру симптомдары туралы айтылды
almaty-akshamy.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде «омикронды» жұқтыру ерекшеліктері, сондай-ақ Алматыда вакциналау және ревакциналау барысы туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz



Алматыда 2022 жылғы 24 қаңтарда  коронавирустық инфекцияның 1501 жағдайы тіркелді, оның ішінде 1350 жағдай симптомды және 151 жағдай симптомсыз.


322 адам емделіп шықты, 229 адам түсті.


Барлығы 3 310 төсек-орынға есептелген инфекциялық стационарларда 1 417 адам емделуде. Оның 145-і бала.


ҚДБ басшысы орынбасарының айтуынша, бүгінде үйде АМСК мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының бақылауында 11 191 пациент бар: симптомды– 10 576 адам, жеңіл, орташа дәрежелі және симптомсыз – 615 адам.



С. Сұлтанғазиева «омикрон» нұсқасы дерті  ағымының ерекшелігі неде екенін түсіндірді.



«Бұл штамм өте жұқпалы және қысқа инкубациялық кезеңмен ерекшеленеді. Егер бұрын біз инкубациялық кезең 21 күн деп айтатын болсақ, қазір кейбір жағдайларда бұл  2-3 күн. Аурудың негізгі көріністері: интоксикация белгілері, бас ауруы, қышу, тамақ ауруы, құрғақ жөтел. «Дельта» нұсқасында жиі кездесетін белгілер –дәм мен иіс, иіс жоғалуы қазір өте сирек кездеседі», - деді ҚДБ басшысының орынбасары.



Алматы қаласында 2 сәуірден бастап халықты жаппай вакциналау басталғаны белгілі.


Вакциналау үшін медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 250 егу пунктін іске қосу жоспарлануда. Қазіргі уақытта 119 пункті бар, толық режимде 520 адамнан тұратын 140 егу бригадасы жұмыс істейді.



Бүгінде Алматыда 1 101 185 адам вакциналанды. Егілгендердің жалпы санынан 60 жастан асқандар 123 979 адамды құрайды.


Өткен тәулікте Алматыда бірінші компонентпен 1998 адам, екінші компонентпен 1118 адам егілді.


Pfizer (Comirnaty) вакцинасын Алматы қаласының 38 518 тұрғыны алды, оның ішінде 2 060 жүкті әйел, 8 359 бала емізетін әйел, 28 099 бала мен жасөспірім.



Алматыда 22 қарашадан бастап КВИ ревакциналауы басталды, 122 960 алматылық вакцинаны қайта алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Омикрон #сұлтанғазиева
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика