ffin.kz

Алматыда "нұротандық" мәжілісмендер жүзге жуық іс-шара өткізеді

Алматыда "нұротандық" мәжілісмендер жүзге жуық іс-шара өткізеді almaty-akshamy.kz

Мәжіліс депутаттарының өңірлерге жұмыс сапарының бірінші аптасы халықпен кедздесуге толы болды. Әлеуметтік сала мен Алматы қаласы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасына енген нысандар халық қалаулыларының басымдығына айналды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Мысалы, мәжілісмендер Бекқали Торғаев пен Артур Платонов жедел медициналық көмектің мамандандырылған автокөлік кәсіпорнын аралау барысында халықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін мегаполиске қосымша тағы 7-9 қосалқы станция қажет екенін анықтады. Ал денсаулық сақтау министрлігінің санаттарды алып тастау бағдарламасындағы алдағы өзгерістер дәрігерлердің жалақысының айтарлықтай төмендеуіне әкелуі мүмкін.



Алматыда синтетикалық есірткі заттарының жаппай таралуы – заңнамалық деңгейде елеулі жұмыс істеу үшін тағы бір себеп. Бұл туралы «NarkoStop» қозғалысының белсенділерімен кездескен ең жас Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов хабарлады. Мәжілісменнің айтуынша, бұл әлеуметтік-экономикалық зұлымдық бүкіл ел бойынша қарқын алуда, өйткені соңғы үш жылдағы статистика үнемі өсіп келеді және синтетикалық есірткіге тәуелді жастар саны 2,5 есе өсті.


Мүгедектігі бар алматылықтарға дербестік пен экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге көмек көрсететін «Ten Qogam» әлеуметтік қолдау орталығына барған депутаттар Айгүл Құспан мен Жұлдыз Сүлейменова мүмкіндігі шектеулі адамдардың жағдайын білді. «Заңнамада мүгедектігі бар адамдар үшін жан-жақты жағдай жасау бойынша іс-шаралар көзделген, бірақ олардың күнделікті өмірде айтарлықтай қиындықтарға тап болғаны барлығына аян», - деп атап өтті мәжілісвумен Айгүл Құспан.



Сонымен қатар, мәжілісмендер өңірді Nur Otan партиясынан сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаттарымен бірлесе бақылауда.



«Бұл біздің Алматыдан келген мәжілісмендермен екінші практикалық кездесулер. Мәслихат депутаттары үшін мұндай кездесулер коммуникацияларды дамыту және саяси жұмыс тәжірибесімен толықтыру жөніндегі шеберлік сағаттары іспетті. Өңірдегі бірлескен іс-шараларды аяқтай отырып, біз проблемалық мәселелерді одан әрі екіжақты пысықтауды жалғастырамыз. Бұл бар проблемаларды шешу жөніндегі бастамалар мен ұсыныстарды жан-жақты әрі сапалы қарауға берілген мүмкіндік», - деп атап өтті депутат Әсия Ақанова жедел медициналық жәрдемнің мамандандырылған автокөлік кәсіпорнын бірлесіп аралау барысында.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00