AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Шешім / Алматыда Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарлам...

Алматыда Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы қаралды

Шешім 22.09.2021, 12:46 1,497
Алматыда Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы қаралды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Отырыс барысында өзекті мәселелер қаралды, оларды шешу үшін Бақытжан Сағынтаев қала әкімінің орынбасарлары мен аудан әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.


Партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Nur Otan партиясының Жол картасын іске асыру мәселелері бойынша Саяси кеңес бюросының кеңейтілген отырысын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


 Nur Otan партиясының Алматы қаласындағы «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында әлеуметтік, инженерлік және автомобиль көлігі инфрақұрылымы бойынша бірқатар жобалар іске асуда. Мысалы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, креативті индустриялар мен әлеуметтік даму салаларында 65 тармақ орындалуда.



Жүргізілген жұмыс аясында қазірдің өзінде 72 жекеменшік балабақша ашылды (жоспар бойынша - 65 балабақша), 3 920 студенттер ТжКБ бойынша дуальды оқумен қамтылды, №186, 187 мектептер аумағындағы балабақшалардың және тоғыз мектептердің жанындағы (№6, 121, 133, 170, 199, 144, 38, 166, 60) қосымша корпустардың құрылыстары, сондай-ақ 4 мектептерде (№40, 81, 54, 45) сейсмикалық нығайту және жөндеу жұмыстары аяқталды.



Сонымен қатар, №42 және №181 мектептердегі дене шынықтыру-спорт аймақтары жаңартылды. Қаланың аулалары, саябақтары мен алаңдарына 97 «Workout» спорт құрылғылары орнатылды. Жалпы, балалардың спортпен 1 267 секцияда тегін айналысуларының мүмкіндіктері кеңейтілді.


Сонымен қатар, медициналық мекемелер үшін жаңа нысандар,оның ішінде отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар салу жобаларын іске асырудың барысы қаралды. Бүгінде №6 емхана мен ауданаралық туберкулезге қарсы диспансерді сейсмикалық нығайту және жөндеу жұмыстары аяқталды.


 Жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда, мысалы Наурызбай ауданында Алатау көшесінің Сәбденов көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі 2 шақырымдық учаскесі ашылды. Төрт жолақты жол Наурызбай ауданының әкімшілік орталығын қаланың негізгі магистралімен байланыстырды. Жыл соңына дейін метроның екі бекетінің техникалық іске қосылуы жоспарлануда.


 Кеңесті қорытындылаған Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалықтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін Жол картасын іске асыру арқылы алға қойылған міндеттердің уақытылы орындалуына бақылауды күшейтуді тапсырды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #НұрОтан #Сағынтаев #Кеңес #сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);