Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Алматыда Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламасының Ж...

Алматыда Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында әлеуметтік жобаларды іске асыру барысы қаралды

Саясат 02.07.2021, 08:02 2,722
Алматыда Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында әлеуметтік жобаларды іске асыру барысы қаралды
Сурет: Qazaqstan.tv

Жол картасы қалалықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 32 мақсатты индикаторларды қарастырған.


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров пен Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев Nur Otan партиясы сайлауалды бағдарламасының Жол картасын Алматыда жүзеге асыру мәселелері бойынша онлайн-кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жиынға қала әкімінің орынбасары І. Өсеров пен қалалық басқармалардың басшылары да қатысты.


Кеңесте партияның сайлау алдындағы уәделері аясында іске асырылуы жоспарланған әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар талқыланды. Атап айтқанда, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жобалар. Қаланың жайлы қалалық орта, білім, қоғамдық денсаулық басқармалары басшыларының, сонымен қатар бірқатар аудан әкімдерінің ақпараттары тыңдалды.


Жалпы, 2025 жылға дейінгі мегаполистегі Жол картасы аясында білім беру және денсаулық сақтау саласында 400-ден астам жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде – жаңа нысандардың құрылысы, бар ғимараттарды жөндеу және сейсмикалық күшейту.


Бүгінде 240 балаға арналған екі мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталды, 30 жекеменшік мектепке дейінгі мекеме ашылды, мектеп пен медициналық мекеме күрделі жөндеуден өтті. 100-ден астам білім беру және денсаулық сақтау нысандарында жобалау және құрылыс жұмыстары басталды. Сонымен қатар, пандемиямен жүргізіліп жатқан күресті ескере отырып, бірқатар жобаларды іске асыру мерзімдері қайта қаралды. Атап айтқанда, ОҚКА жансақтау павильондары мен қабылдау бөлмесін жөндеу эпидемиологиялық ахуал жақсарғанға дейін кейінге қалдырылды.


Әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров халықтың сұраныстарын ескере отырып,  жоспарланған әлеуметтік жобаларды іске асырудың маңызды екенін айтты. Атап айтқанда, медициналық мекемелер жоқ шағын аудандарда отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар салынады. Бұл қала тұрғындарын қадамдық қашықтықта медициналық қызметтермен қамтуға мүмкіндік береді.


Кеңестің қорытындысы бойынша жауапты басқармаларға партияның қалалық филиалымен бірге Жол картасы тармақтарының орындалуын бақылауды күшейту тапсырылды.


Еске салсақ, партияның Алматы қаласы бойынша Жол картасы осы жылдың ақпан айында ұсынылып, бекітілген болатын. Жалпы, Жол картасы қалалықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 32 мақсатты индикаторларды қарастырған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#партия #Nur-Otan #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

СІМ орынбасары Түркі мәдениеті және мұрасы қорына сапармен келді

Бүгін 12:40

Алматыда Журналистер аллеясы пайда болды

Бүгін 11:13

Алматыда былтыр із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды

Бүгін 10:38

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика