Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Алматыда Nur Otan фракциясының І жартыжылдығындағы...

Алматыда Nur Otan фракциясының І жартыжылдығындағы жұмысының қорытындысы шығарылды

Саясат 13.07.2021, 12:28 1,902
Алматыда Nur Otan фракциясының І жартыжылдығындағы жұмысының қорытындысы шығарылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Партиялық жобалар бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде.


Осылайша, есепті кезеңде депутаттық фракцияның 3 жиналысы өткізілді, онда Nur Otan партиясының 2021–2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының Алматы қаласы бойынша орындалуы жөніндегі Жол картасының жобасын талқылау және оның бағыттары бойынша фракция мүшелерін бекіту, сондай-ақ 2020 жылы және 2021 жылдың I жартыжылдығында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы 9 мәселе қаралған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«2021 жылдың І жартыжылдығы маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларға толы болды. Nur Otan–ның Алматы қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясының мүшелері алматылықтармен түрлі страталардағы коммуникациялардың барлық құралдарын – экспромт-кездесулер, канвассингтер мен тікелей эфирлерге шығу жолдарын белсенді пайдаланды. Фракция депутаттарының қатысуымен 600 түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді, барлығы 143 мыңнан астам адам қамтылды. Біз осы бағыттағы жұмысты күшейтеміз», - деп түйіндеді Алматы қалалық мәслихаты жанындағы Nur Otan фракциясының жетекшісі Ләззат Ибрагимова.




Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы аясында Алматыда 250-ден астам отбасы көмек алды. Қаланың 700 соғыс ардагеріне сыйлықтар берілді.



Фракция жетекшісінің айтуынша, партиялық жобалар бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында жыл басынан бері 2000-ға жуық өтініш оң шешімін тапты. 


Фракция мүшелері БАҚ пен әлеуметтік желілерде халық көтерген резонанстық мәселелерді тұрақты түрде қарастыратынын атап өткен жөн. Жалпы, партиялық бақылау комиссиясы осындай 17-ден астам мәселені қарап, жедел шешті. Еңбек ұжымдарымен, тұрғындар қауымдастықтарымен15 кездесу, 300-ден астам көшпелі отырыстар мен рейдтер өткізілді. 


Партияның Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев Nur Otan билік пен қоғам арасында өзіндік көпір қызметін атқаратынын, мегаполис тұрғындарының ұсыныстары мен тілектерінің маңыздылығын атап өтті. 



«Азаматтарды қабылдау – бұл олардың мұқтаждықтарына, проблемаларына, алаңдаушылықтарына назар аудару. Нұротандық депутаттар қалалық, аудандық филиалдардың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде азаматтарды қабылдауды белсенді жүргізуде. Бүгін партияның арқасында 300-ден астам алматылық өз мәселелерін шешті. Біз қала тұрғындарының қандай да бір мәселелерін шешудің нәтижелілігін арттыруға ниеттіміз», - деп атап өтті Мейіржан Отыншиев.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#партия #Қазақстан #Nur Otan
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жазушы Зейнеп Ахметова Алматының Медеу ауданында референдумға қатысты

Бүгін 14:31

Белгілі қаламгер Сәуле Досжан референдумға қатысты

Бүгін 14:29

«Өлеңдегі сөз мағынаны, ал әрбір дауыс елдің болашағын қалыптастырады» - ақын Ғалым Қалибекұлы

Бүгін 14:29

Алматы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Богдан Джепка ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігін тексерді

Бүгін 13:25

Threads киімін киген алматылық: «шын өзгерісті қалаған адам осылай дауыс беріп, саяси науқанға араласады»

Бүгін 13:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика