AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда NEET-жастар саны азайды

Алматыда NEET-жастар саны азайды

Әлеумет Бүгін 12:19 39 yakiya
Алматыда NEET-жастар саны азайды
Алматы әкімдігі

Алматыда NEET-жастар саны азайды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда NEET деңгейі төмендеп, жастардың жұмыспен қамтылу мен білім алу көрсеткіші артып келеді. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша NEET санатындағы жастардың (білім алмайтын және жұмыс істемейтін) үлесі 5,7%-дан 4,9%-ға дейін төмендеді. Бұл шамамен 33,9 мың адам.

Көрсеткіштің төмендеуі жастарды жұмыспен қамту мен өзін-өзі дамытуға қолдау көрсету бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі. Қалада жастарды жұмысқа орналастыруға, кәсіби дағдысын дамытуға және оларды белсенді әлеуметтік-экономикалық өмірге тартуға бағытталған кешенді шаралар қолға алынды.

Бүгінде Алматыда 712,3 мыңнан астам жас тұрады. Оның 442,3 мыңы еңбекпен қамтылған, ал 280,7 мыңы қаланың 35 жоғары оқу орны мен 85 колледжінде оқып жүр. Экономикалық белсенді жастар саны 472,1 мың адамға жетіп, мегаполистің маңызды кадрлық әлеуетін қалыптастырып отыр.

«Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жастармен жүргізілетін кешенді әрі жүйелі жұмысқа, соның ішінде NEET-жастардың үлесін азайтуға ерекше көңіл бөледі. Біздің міндетіміз — әрбір жастың білім алуына, жұмысқа орналасуына және дамуына мүмкіндік беретін тұрақты орта қалыптастыру», — деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

NEET деңгейін төмендетуде жұмыспен қамту инфрақұрылымы маңызды рөл атқарады. Жұмыс берушілерді, жоғары оқу орындары мен мансаптық қызметтерді біріктірген Жастар мансап орталығы жыл басынан бері шамамен 4 мың жасты жұмысқа орналастырды. Жалпы 18,2 мың адам жұмыспен (оның ішінде 12,6 мыңы тұрақты, 5,6 мыңы уақытша жұмыс) қамтылды.

JasAlmaty.kz цифрлық платформасы жастарды жұмыспен қамтудың негізгі құралдарының біріне айналды. Порталда 35 мыңнан астам бірегей қолданушы тіркеліп, 3,5 мыңнан астам жұмыс беруші қосылған және 2,1 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланған. Соның нәтижесінде платформа арқылы шамамен 1,8 мың жас жұмысқа орналасты.

Практикалық дағдыны дамытуға да ерекше назар аударылуда. SkillBridge жобасы аясында 61 онлайн курс іске қосылып, 9,2 мыңнан астам адам оқудан өтті. Оның ішінде 3,8 мың адам жұмысқа орналасты. Сонымен қатар Skill All офлайн курстары бойынша 2 мыңнан астам жас білім алды.

Жастарға қолдау көрсету 11 комьюнити орталығы арқылы да жүзеге асырылады. Бұл орталықтарда 16 мыңнан астам адам кеңес алды. Оның ішінде 10 мыңы жұмыспен қамту мәселесі бойынша, ал 6 мыңы психологиялық және құқықтық қолдау бағытында көмек алған.

Ұлттық және қалалық жобалар аясында қосымша мүмкіндіктер жасалуда. Мәселен, «Жасыл ел» жобасы аясында 2,1 мың жас уақытша жұмыспен қамтылды. Ал қалалық «Мансап күндеріне» шамамен 18 мың адам қатысып, оның 1,7 мыңы жұмыс тапты.

Сонымен қатар Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп, жоғары оқу орындарының түлектері мен тіркелген жұмыссыз жастарды есепке алу, кейін оларды қолдау және жұмыспен қамтуға тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Жеке талдау жастардың егжей-тегжейлі әлеуметтік бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік беріп, әрбір жағдай бойынша нақты әрі тиімді жұмыс жүргізуге жағдай жасайды.

«Жұмыссыз жастармен атаулы қолдау — формалды іс-шара емес, әр жас адамның өмірлік жағдайын, білімін, дағдысын және жұмыссыз қалу себептерін ескере отырып көрсетілетін нақты көмек. Біз жастарды анықтау мен жеке кеңес беруден бастап кәсіби бағдарлау, оқыту және жұмысқа орналастыруға дейінгі барлық кезеңде қолдау көрсетеміз. Ең маңыздысы, жай ғана бос жұмыс орнын ұсыну емес, адамның мәселесін түсініп, оны еңсеруге көмектесу. Психологиялық қолдау, оқыту және мемлекеттік бағдарламаларға тартуды қамтитын осындай нақты тәсіл бірде-бір жасты назардан тыс қалдырмай, тұрақты жұмыспен қамту жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деді А. Кажденбек.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар көрсеткіштерді төмендетуге ғана емес, жастарды қаланың экономикалық және қоғамдық өміріне тұрақты түрде тарту үлгісін қалыптастыруға бағытталған.

Алматы жастарға өзін-өзі жүзеге асыру мен кәсіби өсуге нақты мүмкіндік беретін қала ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді. Айта кетейік, шаһардағы жоғары оқу орындары мен колледждерді жыл сайын 50 мыңнан астам адам бітіреді. Олардың 60-80%-ы Алматыда жұмысқа орналасуға тырысады, ал 10-12 мыңы бір жыл бойы жұмыс іздейді. Бұл өз кезегінде NEET-жастар санының артуына әсер етеді.

 

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#NEET
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 18 мыңнан астам түлек ҰБТ-ға қатысады

Бүгін 12:10

Алматылық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 2,7 мыңнан астам марапатқа ие болды

Бүгін 11:07

Ауыр эпилепсияға шалдыққан балалар үшін жаңа мүмкіндік: Алматыда жоғары технологиялы ота жасалды

Бүгін 11:03

«Көшпенді мұрасын күллі әлемге танытқым келеді» - шебер  

Бүгін 10:36

Зерделі ұлт қалыптастырудағы маңызды қадам – Ғалия Тоқабаева

Бүгін 10:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);