конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Мүсірепов атындағы театр маңындағы саябақ...

Алматыда Мүсірепов атындағы театр маңындағы саябақ көркейтіледі

Барлығы 17.06.2025, 15:46 826 Сұлу
Алматыда Мүсірепов атындағы театр маңындағы саябақ көркейтіледі
Алматы әкімдігі

Алмалы ауданына жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жөндеу жұмыстары жүріп жатқан А.Иманов атындағы скверге барды. Мұнда кеспе тастар төселіп, сыртқы жиһаздар жаңартылып, пергола орнатылыпты. Бұған дейін тұрғындардың өтінішімен балалардың ойын алаңы мен ит серуендеуге арналған аумақ жасалған болатын.

Сквер Мүсірепов атындағы театрдың маңында. Мегаполис әкімі оның жай-күйімен танысты, өнер ордасынның айналасын күрделі жаңарту жоспарланып отыр. Сәулетші Нелли Лаптева қала басшысына аумақты болашақта көркейту жобасын ұсынды. Жоба аясында заманауи жарық тартылып, ойын алаңы орнатылады, әткеншегі бар пергола, ыңғайлы демалыс орындарын құру секілді жұмыстар жүргізілмек.

Жобамен танысу кезінде қала басшысы кеңістікті театр тақырыбына сай безендірудің маңыздылығына тоқталды. Бұл бағытта Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры маңындағы аумақтың көркемделу үлгісі ескерілмек.

Сәулетші бұл тұжырымдамада балаларға арналған ойын элементтері мен интерактивті жарық жүйесі қарастырылғанын атап өтті. Жарық құрылғылар қимыл-қозғалыс кезінде, адам жүргенде автоматты түрде жанады. 

Жұмыс сапарының соңында әкім Гоголь көшесіндегі бір аулаға барды. Мұнда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында инфрақұрылым жаңартылып жатыр. Дархан Сатыбалды тұрғындармен тілдесіп, пікірін тыңдады. Алматылықтар ұсыныстарының ескерілгенін және жұмыстардың сапасына көңілі толатынын жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Мүсірепов #театр #Сквер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қуықасты безі обырының алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті

Бүгін 17:48

Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLVII сессиясы өтті

Бүгін 17:25

Алматыдағы «Барыс-4» базарында мыңнан астам сауда заңнамасын бұзу дерегі анықталды

Бүгін 17:15

Сенаттың соңғы отырысы: Топырақ қорғау туралы заң мақұлданды

Бүгін 16:25

ALMATY MOVE: Алматы тұрғындары үшін жаз бойы йога, кешкі жүгіру және отбасылық фестивальдер ұйымдастырылады

Бүгін 16:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);