AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда мұғалімдер үшін жасанды интеллект саласын...

Алматыда мұғалімдер үшін жасанды интеллект саласында веб-әзірлеушілерді даярлау бағдарламасы іске қосылады

Әлеумет 16.08.2024, 17:03 1,099
Алматыда мұғалімдер үшін жасанды интеллект саласында веб-әзірлеушілерді даярлау бағдарламасы іске қосылады
Сурет: интернеттен

Биыл «Алматы мектептері» бағдарламасын іске асыру аясында қалада оқушылардың функционалдық сауаттылығын, цифрлық құзыреттілігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған сертификатталған бағдарлама бойынша 70 мұғалімді оқыту жалғасуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Оқыту Cambridge International Assessment Education мақұлдаған оқу материалдарының төрт ресми әлемдік баспагерінің бірі Marshall Cavendish бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» атты педагогтардың тамыз саммиті барысында хабарлады.

«Осы оқу жылының басынан бастап біз Алматы қаласындағы мемлекеттік мектептердің мұғалімдері үшін жасанды интеллект саласында веб-әзірлеушілерді даярлаудың 12 апталық арнайы бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Әрбір мектеп командасы генеративті жасанды интеллект мүмкіндігін пайдалана отырып, өзінің веб-қосымшасын жасап, іске қосады», - деді шаһар басшысы.  

Сондай-ақ, оның айтуынша, цифрлық оқыту мен ақпараттық технологиялардың маңызды аспектілерін қамтитын IT пәндері бойынша 100 мектептің мұғалімдерін оқыту бағдарламасы іске қосылды. Бұл мұғалімдерге инновацияларды оқу үдерісіне тиімді енгізуге мүмкіндік береді, деп сөзін түйіндеді Ерболат Досаев.

Айта кетейік, Алматыда 2024-2025 оқу жылының қарсаңында «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» тақырыбында педагогтардың қалалық тамыз саммиті өтіп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ұстаз #Жасанды интеллект
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қуыршақ театры Алматы күніне орай қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады

Бүгін 18:15

Астанада «Қазақы тазы» монотұқымдық көрмесі өтті

Бүгін 17:57

Алматыда Қала күніне орай алма жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін 17:38

Қала күніне орай Алматының бірнеше алаңында көрмелер өтіп жатыр

Бүгін 17:33

Үкіметте Ұлттық білім беру деректер қорын жаңғырту барысы қаралды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);