Күнделікті қозғалыста жүретін олар үшін бұл азаматтық ұстанымын білдіруге арналған шағын аялдама, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Олар күн сайын алматылықтарды діттеген жеріне жеткізеді, ал бүгін өздері сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Жүргізушілер, бақылаушылар мен қоғамдық көліктің өзге де қызметкерлері №177 мектеп-гимназиясында орналасқан сайлау учаскесіне жиналды.
Бірі ауысымнан кейін, енді бірі рейске шығар алдында келіп, қалалық мәслихат депутаттарын сайлауда таңдау жасады. Барлығы да дауыс беру рәсіміне асықпай, сабырмен қатысты.
Күнделікті қозғалыста жүретін олар үшін бұл азаматтық ұстанымын білдіруге арналған шағын аялдама.
Еске салайық, Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 41-інде бір күндік тіркеу қызметі қолжетімді. Қосымша ақпаратты 109 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.