Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда мониторингтік топ  60 карантиндік режимді...

Алматыда мониторингтік топ  60 карантиндік режимді  бұзушыларды анықтады 

Заң мен тəртіп 16.08.2021, 14:33 1,256
Алматыда мониторингтік топ  60 карантиндік режимді  бұзушыларды анықтады 
almaty-akshamy.kz

Құқық бұзушылардың арасында Gastreat бары, «Ариал» гольф клубы, «Чечил паб», «Айва» мейрамханасы бар. 


 
Өткен аптада Алматыдағы мониторингтік топтар 1000-ға жуық мекемені тексерді, 124 нысанда бұзушылықтар анықталды, олардың жартысына жуығы демалыс күндері тіркелді деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Тексеру кезінде 167 хаттама жасалды. Заңды тұлғалар үшін жалпы сомасы 10,7 млн теңгеге 26 хаттама жасалды. Жеке тұлғаларға қатысты маска режимін бұзғаны үшін 6,2 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 141 хаттама толтырылды. 



Мәселен, 11 тамызда кешкі сағат 17.00 шамасында Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылындағы «Ариал» гольф клубының аумағында 60 адамға арналған той өтті, оны тексерушілер тоқтатты. Жиналғандарға мұндай шаралар коронавирустың таралу ошағына айналатынын еске салды, себебі шақырылғандар арасында симптомсыз келушілер болуы мүмкін. Сол күні, шамамен сағат 22.40-та, Бостандық ауданының мониторингтік тобы Гагарин көшесіндегі Gastreat лаундж-барында заң бұзушылықтарды анықтады. Тексеру кезінде 30 адам болған. 




 
12 тамызда, сағат 21.47 шамасында, Әуезов ауданының Жетісу-3 шағын ауданында «Фортуна» банкет залы жұмыс істеп тұрған, бұл жерде 100 адамға үйлену тойы өтті. 
 
Медеу ауданында 12 тамызда, сағат 23.22 шамасында Төлебаев көшесіндегі «Чечил пабында» 50 адам болған тәртіп бұзушылық тіркелді. 14 тамызда, сағат 20.30 шамасында Медеу ауданында Гоголь көшесіндегі «Айва» мейрамханасында заң бұзушылық тіркелді, онда 60 қонақпен үйлену тойы өтті. 



Жиі тәртіп бұзатындар бойынша 75 материал сотқа берілді (462-баптың 3-бөлігі және 425-баптың 1-бөлігі бойынша), оның ішінде 65 материал мекемелердің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдау үшін пайдаланылды. 



Сонымен қатар, Алматыда қоғамдық көліктерде үшінші апта маска режимінің сақталуына бақылау күшейтілді. Ықтимал жұқтыру орындарының арасында СОСО мен базарлармен қатар қоғамдық көліктер көрсетілгенін ескере отырып, бұл сегментте арнайы мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді.
 
Мысалы, 12 және 13 тамызда мониторингтік топтар 163 автобусты тексерді. Қаланың қоғамдық көліктерінде маска режимін сақтамағаны үшін 41 жолаушыға ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.




 
Алматы тұрғындарын карантиндік шектеулерді сақтауды жалғастыруға шақырады. Жаңа коронавирус инфекциясының вирусы одан әрі мутацияланатын болса, онда ол қайғылы жағдайға әкелетінін естен шығармаған жөн. Одан қорғанудың жалғыз жолы – көпшіліктің вакциналануы. 



15 тамызда Алматыда коронавирус инфекциясының 1 503 жағдайы тіркелді, оның ішінде 1 419 – симптомды. Төсек-орын қуаттылығы 8 910 инфекциялық ауруханаларда 6 294 адам, оның ішінде 246 бала бар. Реанимация және интенсивті терапия бөлімінде 434 науқас емделуде. ӨЖЖ аппаратында - 67, инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында - 178, High flow - 176 аппараты. 



Бүгіде АМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтары үйде 13 127 науқасты бақылауда, жеңіл және орташа ауыр симптомды науқас - 12 564, симптомсыз - 563.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мониторинг #хаттама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Referendum2026: Әлеуметтік желіде жаңа Конституцияны қолдағандар саны 88 мыңнан асты

Бүгін 17:01

Михаил Шайдоровтың тарихи костюмі Олимпиада мұражайына қойылды

Бүгін 16:15

Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы тұңғыш рет қазақ тілінде сахналанды

Бүгін 15:42

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Бүгін 15:18

Кунг-фу панда бейнесі: Джеки Чан Шайдоровтың өнеріне сүйсінді

Бүгін 14:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі