AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Таза Қазақстан / Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 м...

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Таза Қазақстан 11.04.2026, 15:44 274 yakiya
Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

2026 жылы 11 сәуірде Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбіліктер ұйымдастырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шаралар қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға, санитарлық мәдениетті арттыруға және қалалық ортаны көркейтуге бағытталды. Бұл туралы қаланың коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты.

«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы қаланың сегіз ауданындағы 23 нысанды қамтыды. Іс-шараларға 36 300 адам қатысып, 365 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2590 текше метр қоқыс пен қалдық шығарылды. Сонымен қатар, сенбілік аясында 50 ағаш пен 700 бұта егіліп, бұл қаладағы жасыл желекті көбейтуге және экологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етті.

Әсіресе, Медеу және Алатау аудандарында қатысушылар саны көп, бұл екі ауданда жалпы 15 мыңнан астам адам сенбілікке қатысты. Сондай-ақ, Бостандық, Әуезов және Наурызбай аудандарында да тазалық жұмыстары кең көлемде жүргізілді.

Жұмыстар қаланың негізгі аумақтарын қамтыды: Үлкен Алматы, Есентай және Қарасу өзендерінің жағалаулары, аула аумақтары, саябақтар мен қоғамдық кеңістіктер тазартылды. Әсіресе, арық жүйелерін, жасыл аймақтарды және тұрғындар көп жиналатын орындарды тазалауға ерекше көңіл бөлінді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сенбілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Кеше 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Кеше 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Кеше 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Кеше 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Кеше 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);