Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналға...

Алматыда Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған шығармашылық байқау өтті

Барлығы 26.11.2025, 14:12 358
Алматыда Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған шығармашылық байқау өтті
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

№136 мектеп-гимназияда қала мектептері ұстаздарының басын қосқан «Міржақып оқулары» атты шығармашылық байқау өтті. Іс-шараны Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен аудандық білім бөлімі ұйымдастырды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.
 
Бағдарлама басталар алдында қонақтарға Міржақып Дулатов атындағы мектеп музейіне шағын экскурсия өткізілді. Келушілерге ағартушының жеке заттары, сирек құжаттары, қолжазбалары мен оның өмірі мен қоғамдық қызметіне қатысты деректер таныстырылды. Бастауыш сыныптың екі оқушысы Дулатовтың өмірбаянын баяндап, өлеңдерін оқыды.

Іс-шараның ресми бөлімі акт залында бастауыш сынып оқушыларының орындауындағы «Алаш маршы» әнімен ашылды. Хор болып шырқалған бұл туынды байқаудың шымылдығын түріп, Қазақстан тарихындағы Алаш қозғалысының маңызы мен Міржақып Дулатовтың ұлттың рухын оятудағы рөлін еске салды.

«Бүгін біз ұлы ақынның туған күнінде жиналып, елдің ертеңін ойлап, ұлт болашағы үшін күрескен Алаш қайраткерлерін еске алып отырмыз. Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» деген үндеуі бүгін де өзекті. Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақты ата-баба мұрасымен таныстырып, әйгілі тұлғаның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оны бүгінгі жас буынның тәрбиесімен сабақтастыру. Дулатовтың идеялары қазақтың ұлттық санасының қалыптасуына және елді ағарту арқылы біріктіруге зор ықпал етті», – деді құттықтау сөзінде Міржақып Дулатовтың тарихи тұлға ретіндегі мәні мен оның мұрасын ұрпаққа жеткізудің маңызын атаған Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Ербол Қалдарбеков.

Сондай-ақ, ол мұғалімдер қазір де ағартушылық миссияны жалғастырып, жастарға білім мен құндылықты бойына сіңіруде үлкен рөл атқаратынын айтты. 

Мектеп ұжымы «Бақытсыз Жамал» романы бойынша сахналық қойылым көрсетіп, қазақ прозасының алғашқы романы саналатын бұл туындының атмосферасын көрерменге жеткізе білді. Одан кейін төртінші сынып оқушылары халық биін билеп, педагогтар музыкалық нөмірлер ұсынды.

№136 мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Майра Тұрғанбаева бұл іс-шараның ауқымын, байқауға 180 адам қатысқанын атады. Оның айтуынша, байқау алғаш рет өткізіліп отыр, болашақта жыл сайынғы дәстүрге айналуы мүмкін. Сонымен қатар 855 оқушы білім алып жатқан гимназиядағы оқушылардың Міржақып Дулатовтың мұрасымен танысуы ерекше маңызды екенін жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Міржақып Дулатұлы #оқулары #Шығармашылық байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде жеке детективтер институты болуы мүмкін

Бүгін 11:59

Ұлтты ұйыстырған ұлы аналар

Бүгін 11:38

Алматының өндірістік секторы референдумға шақырды

Бүгін 11:31

Алматылық депутаттар 15 наурызда өтетін референдумға қатысуды қолдады

Бүгін 11:29

Алматылық боксшылар дауыс беруге барады

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі