Алматыда мерекелік концерттен соң қонақтар қоқыс жинады

Алматыда мерекелік концерттен соң қонақтар қоқыс жинады Алматы қаласы әкімдігі
 

Алматы тұрғындары мен қонақтары тазалықты қолдайды — Қала күніне арналған концерттен кейін көрермендер аумақты өздері жинады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматыда қала күніне орай Астана алаңында «LUX FM» радиостанциясының концерті өтті. Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен іс-шара мыңдаған көрерменді жинады. Көрермендер музыкалық нөмірлер мен түрлі-түсті шоуларды тамашалады.

Концерт аяқталған соң, жүргізушілер жиналған қауымға аумақты тазалауға көмек сұрап үндеу жасады. Олар мұндай ауқымды мерекеден кейін тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Осы үндеуге жауап ретінде ересектер мен жастар балаларымен бірге белсенділік танытып, іс-шарадан кейін қалған қоқыстарды жинауға атсалысты.

Мұндай ұжымдық күш-жігер қалалықтардың мерекеден ләззат алып қана қоймай, өз қаласына қамқорлық көрсетіп, оның тазалығы мен тәртібін сақтауға дайын екендіктерін көрсетті.

Айта кетейік, Алматы мен еліміздің басқа қалаларында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаға танымал спортшылар, әртістер, театр және кино жұлдыздары, еріктілер мен қоғамға бейжай қарамайтын азаматтар қатысуда. Республика бойынша тазалық жұмыстарын жүргізу және жасыл желектер отырғызу жалғасуда.

  • Қала күніне орай мегаполисте көптеген шаралар жоспарланған. Тұңғыш Президент саябағында бірнеше қойылымдар өтеді. Сағат 14:30-дан бастап Роза Рымбаева мен Алматы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі басты сахнада өнер көрсетеді.
  • Арбатта сағат 11:00-ден бастап «Туған күнім, Алматым» фестивалі өтеді, онда қала тұрғындары мен қонақтары суретшілер көрмесі, қолөнершілер жәрмеңкесі, шеберлік сыныптары және басқа да шараларға қатыса алады.
  • Сонымен қатар, мұнда жыл сайынғы Кітап fest фестивалі де өз жұмысын жалғастыруда.

 

Сағат 17:00-де Астана алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Almaty Cover Show басталады. Сахнада Нағима Есқалиева, Мейрамбек Бесбаев, Kalifarniya, RaiM, Нұрлан мен Мұрат, ARO, Ерболат Құдайберген, Қайрат Түнтеков және басқа да орындаушылар өнер көрсетеді. Сол күні Орталық стадионда еліміздің ең танымал жас әншілерінің бірі Садраддин жеке концерт береді.

Қала күнін мерекелеудің соңғы аккорды ретінде «Көктөбе» телемұнарасында құттықтау шамдары жағылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:44

19:19

18:40

18:14

17:50

17:34

17:20

17:05

16:43

16:37

16:20

16:02

15:32

15:25

15:18

15:15

15:09

15:07

14:51

14:50

14:47

14:30

14:18

14:12

12:52