Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Алматыда мерейтойлық цифрлық Digital Almaty 2023 ф...

Алматыда мерейтойлық цифрлық Digital Almaty 2023 форумы өтеді 

Хабарлама 30.01.2023, 04:16 1,409
Алматыда мерейтойлық цифрлық Digital Almaty 2023 форумы өтеді 
almaty-akshamy.kz

2023 жылдың 2-3 ақпанында Алматыда V Халықаралық «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» цифрлық форумы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Форумның басты тақырыбы инновациялық технологиялар индустриясын дамытудың заманауи жаһандық сын-қатерлері болмақ.  Форумның іскерлік бағдарламасы 20 панельдік сессиядан тұрады, онда 150-ден астам спикерлер – халықаралық және Қазақстандық IT-қоғамдастық өкілдері сөз сөйлейді. Digital Almaty форумына әлемнің 30 елінен 15 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде. Панельдік сессияларда форумға қатысушылар өнеркәсіп салаларының автоматтандырудан цифрландыруға үдемелі көшуін, цифрлық майнинг перспективаларын, роботтандыруды қолдану салаларын, Еуразиялық өңірде IT-саланы дамытуды талқылайды.



Digital Almaty пленарлық отырысына Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қатысушы елдердің үкімет басшылары қатысады. ЕАЭО елдері премьер-министрлерінің қатысуымен пленарлық сессияда талқылаудың негізгі тақырыбы тұрақты цифрлық инфрақұрылымды және телекоммуникациялардағы жаңа технологияларды дамыту болады. Спикерлер GovTech және FinTech даму перспективалары туралы әңгімелейді, сондай-ақ өңірде IT бизнесті одан әрі дамыту туралы көзқарасымен бөліседі.


Форумда ел технопарктерінің, халықаралық вендорлардың және венчурлік қорлардың көрмелері ұйымдастырылады. Көрме аймақтары Индустрия 4.0. және Innovation Center индустриялық өнеркәсіптегі инновациялар мен үздік IT әзірлемелерді көрсетеді.



Сонымен қатар, FinTech, Smart City, EDtech, GameDev, IoT, 5G, SaaS, Blockcain, Big Data, MedTech, Logistic&Travel және т. б. саласындағы жобалар көрмесін қоса алғанда, 100 жаңа жоба ұсынылатын стартаптар аллеясы да IT-саланың жетекші өкілдерінің қатысуымен технологиялық марафон, воркшоп ұйымдастырылады, жоғары оқу орындары мен бос орындар жәрмеңкелері. Дәстүр бойынша форум алаңында ASTANA HUB BATTLE технологиялық марафоны - үздік IT-стартап үшін шайқас өтеді. Шайқастың жүлде қоры $18 000 құрайды.



Форумға almatydigital.kz. сайтында тіркелу арқылы қатысуға болады.
Digital Almaty - бұл цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бастап бесінші рет өткізіліп келеді. Іс-шараны ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Tech Garden және Astana Hub ұйымдастырады.


БАҚ үшін байланыстар:
ЦДИАӨМ баспасөз хатшысы: Ерхан Таткен +7702 817 7617
Форумның PR-маманы, Tech Garden: Альбина Рамазан +7777 3139190
ASTANA HUB баспасөз қызметі: Асель Мухамбетова +7747 432 2056


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Digital #almaty #форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Бүгін 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Бүгін 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика